NASA дыбыстан жылдам ұшатын ұшағын көрсетті

Quesst миссиясы асқындыбыстық аппараттардың шуын «сыбырға» дейін төмендетті

Ануар Маратов

NASA және АҚШ-тың Lockheed Martin қорғаныс компаниясы дыбыстан жылдам ұшатын ұшағын көрсетті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Ұшақтың ерекшелігі – дыбыс жылдамдығынан 1,4 есе тез немесе шамамен 1 480 км/сағ жылдамдықпен ұшуға арналған.

«Бұл техника дыбыстан жылдам ұшып, өзімен бірге найзағай тәрізді шу шығарады. Бұл маңайда тұратындар ұшақтың дауысын жақсы біледі. Айта кетерлігі, кез келген ұшаққа елді мекендердің үстінен ұшуға шектеу қойылған. Ал X-59 техникасының жөні басқаша. Мұқият құрастырылған, ол жұмсақ дыбыс шығарады», - деді Пэм Мелрой, NASA әкімшісінің орынбасары. 

X-59 Ұзындығы – 30 метр және ені – 9 метр, сондай-ақ жіңішке, үшкір мұрны оның ұзындығының үштен бірін құрайды. NASA таратқан хабарламада ұшақтың алдыңғы жағының үшкір тұсы әуедегі толқындарды бұзуға көмектесетіні айтылған.

Соңғы 50 жыл ішінде АҚШ және басқа елдер қатты шудың салдарынан дыбыстан жылдам ұшатын ұшақтарға тыйым салған.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19