«Anka-S ұшқышсыз ұшағы басқаша әрекет етеді»: жаңа дронның ерекшеліктері

Дрон қанатының ұзындығы 18 метрге жетеді

Авиациялық техниканың жаңа үлгілерін, олардың мүмкіндіктерін Жауынгерлік дайындық және ҰҰА жауынгерлік қолдану оқу орталығы ұшқышсыз ұшу аппараттарының экипаждары зерделеді. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сәтті өткен сынақтар мен комиссия қорытындысынан кейін Anka-S ұшқышсыз жүйелері тәжірибелі әскери сынақтарға қабылданды. Қазіргі уақытта жаңа техника жеке құрамға бекітілді. Қазақстандық әскери қызметшілердің басқаруымен дрондарды алғашқы рет іске қосу жүзеге асырылуда.

Тәжірибелік әскери пайдалану – әскери мақсаттағы бұйымдарды сынаудағы міндетті элемент. Мұндай пайдалану мақсаттарын нақтылау техниканың мүмкіндіктерін жан-жақты тексеру көлемін кеңейтеді. Оның сенімділігін бағалауды арттырады және әскерлерде жаңа үлгілерді игеруді жеделдетеді.

– Экипаж құрамына жаңа техника және ұшу аппараттарымен жұмыс тәжірибесі мол білікті мамандар бекітілді, – деп атап өтті ҰҰА жауынгерлік дайындық және жауынгерлік қолдану оқу орталығының бастығы полковник Шоқан Мұсабеков. – Жаңа ұшқышсыз жүйелермен жұмыс біздің әскери қызметшілеріміздің құзыретін кеңейтеді. Берілген тактикалық-техникалық талаптарға сәйкес болған жағдайда Anka-S ұшқышсыз ұшу кешені Әуе қорғанысы күштерінің авиациялық паркін толықтыратын болады.

Түркиялық дрон қанатының ұзындығы 18 метрге жетеді. Жүктемеге байланысты ұшу жылдамдығы сағатына 120-дан 270 шақырымға дейін. Ол 10 км биіктікке көтеріліп, аспанда 27 сағатқа дейін үзіліссіз жұмыс істей алады.

Қазақстандық әскери қызметшілердің басқаруымен Anka-S-тің алғашқы ұшулары өндіруші компания – Turkish Aerospace Industries мамандарының қатысуымен өткізіледі. Әскери қызметшілер жаңа типтегі дронды басқарудағы айырмашылықты байқады.

– Бұрын қолданылған жүйелермен салыстыра отырып, мен бұл ерекше техника деп айтамын, – дейді буын командирі майор Николай Кириллов. - Біз білетін жүйелерден айырмашылығы, Anka-S ұшқышсыз ұшағы басқаша әрекет етеді. Түрік мамандарының техникалық қолдауымен біз бұл кешенді тез игереміз деп ойлаймын.

Түркияда Anka-S-пен жұмыс істеуге дайындалған оқу орталығының офицерлері және қазір жаңа техниканы меңгергендер әріптестеріне тәлімгер болады. Өндіруші компаниядан мамандардың кепілдік тобы Қазақстанда екі жыл уақытқа қалады. Сондықтан туындайтын барлық мәселе сол жерде шешілетін болады.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Бүгін, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

Кеше, 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22