Радиациялық, химиялық, биологиялық барлау: құтқарушылар бұрын-соңды болмаған техникамен толықты

Техниканың Қазақстанда және посткеңестік кеңістік елдерінде аналогтары жоқ

ТЖМ техникалық тапсырмасы бойынша радиациялық, химиялық және биологиялық барлаудың түбегейлі жаңа арнайы машинасы әзірленді. Бұл туралы Sarbaz.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министрліктің хабарлауынша қазіргі уақытта ТЖМ-нің және Қазақстанның барлық Қарулы Күштерінің радиациялық, химиялық және биологиялық арнайы барлау машиналарының негізгі паркі ескірген және жаңартуды қажет ететін кеңес кезінде өндірілген автомобильдерден тұрады.

Осыған байланысты ТЖМ «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС отандық қорғаныс кәсіпорнының инженерлерімен бірлесіп алдыңғы қатарлы әлемдік стандарттардың талаптарына жауап беретін арнайы техника жабдықтарын жинақтау пысықталып, бекітілді.

«Бүгінгі таңда әзірленген техниканың Қазақстанда және посткеңестік кеңістік елдерінде аналогтары жоқ. Бұл автомобильдер біздің елімізде де, шетелде де табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою үшін, оның ішінде гуманитарлық миссияларда да пайдаланылатын болады.

Қазіргі уақытта «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС өзінің мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын орындады және шарттық міндеттемелер шеңберінде ТЖМ әскери бөлімдерінің арнайы-құтқару машиналарының паркін толықтыратын «Алан-2» броньдалған доңғалақты машинасының базасында радиациялық, химиялық және биологиялық барлау кешендерінің 2 бірлігін беруге дайын», - делінген министрлік хабарламасында.

Жаңа техниканың тұсаукесері төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпхановтың қатысуымен өтті.

«Алан-2» БДМ демонстрациясына Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бейінді мамандары қатысты.

Тұсаукесерде кешеннің негізгі параметрлері көрсетілді, техногендік сипаттағы ТЖ жою жөніндегі міндеттерді орындау кезінде есептоптың практикалық әрекеттері көрсетілді.

Сырым Шәріпханов жаңа техникаға жоғары баға берді.

2024 жылы әскери бөлімдерді жасақтау үшін елдің батысы мен шығысында тағы екі бірлік техниканы жеткізу жоспарлануда.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Бүгін, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

Кеше, 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22