Сынақ сәтті аяқталды: Қазақстанның Қарулы Күштері Түркияның «Anka-S» техникасымен толықты

Олардың қанаттарының ұзындығы 18 метрге жетеді

Таразда ұшқышсыз ұшу аппараттарын жауынгерлік даярлау және жауынгерлік қолдану орталығы авиациялық техниканың жаңа үлгілерімен толықты. Оған Түркия өндірісінің «Anka-S» ұшқышсыз жүйелері кірді. Қазақстандық әскери қызметшілердің басқаруындағы ұшқышсыз ұшақтар алғаш рет әуеге көтерілді, деп хабарлайды Sarbaz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Anka-S» ұшқышсыз жүйелерін Қазақстан армиясына қабылдау процесі барлық ережелерге сәйкес өтті. Сынақ сәтті өткеннен кейін және комиссия қорытындысынан кейін жаңа дрондар оқу орталығының авиациялық техника паркіне қосылды.

Бірер күн бұрын әскери бөлімде «Anka-S» ұшқышсыз жүйелерін экипаждарға бекіту өтті. Бұл туралы командирдің бұйрығы бөлімнің жеке құрамы алдында оқылды.

«Жаңа техниканы бекіткен экипаждардың құрамы – ұшу аппараттарымен жұмыс істеуде үлкен тәжірибесі бар сауатты және жоғары кәсіби мамандар. Мен байланыс офицерлері мен әскери қызметшілер өздерінің кәсіби деңгейлерін арттыра отырып, жаңа пилотсыз жүйелерді тиімді пайдаланатынына сенімдімін», - деп атап өтті ҰҰА жауынгерлік даярлық және жауынгерлік қолдану орталығының бастығы полковник Шоқан Мұсабеков.

Енді әуе қорғанысы күштерін даярлау орталығының ұшу-қону жолағынан әуеге Израильдің «Sky lark» және Қытайдың «Win long» техникалары ғана емес, сонымен қатар Түркияның «Anka-S» ұшқышсыз жүйелері көтеріледі. Олардың қанаттарының ұзындығы 18 метрге жетеді, жүктемеге байланысты ұшу жылдамдығы – сағатына 120-дан 270 км-ге дейін. Сол сияқты аппарат 10 км биіктікке көтеріліп, аспанда 27 сағатқа дейін тоқтаусыз жұмыс істей алады.

Қазақстандық әскери қызметшілердің басқаруымен «Anka-S» техникасының алғашқы ұшулары әзірге өндіруші Turkish Aerospace Industries аэроғарыш өнеркәсібі мамандарының көмегімен жүргізілуде.

«Осыған дейін пайдаланған авиациялық техникалармен салыстырар болсақ, бұл өте ерекше, өзгеше, бұрын-соңды болмаған екенін атап өткен жөн. Бүгінгі ұшыру ерекше әсер қалдырды, өйткені «Win long» ұшу кезінде сезінген эмоциялар сәл өзгеше. Менің ойымша, біз барлық күш-жігерімізді жұмсап, жоғары жауынгерлік дайындықты сақтау үшін осы кешенді толығымен игереміз», - дейді буын командирі майор Николай Кириллов

Аталмыш орталықтың бірнеше офицері Түркияда «Anka-S» техникасымен жұмыс істеу бойынша оқудан өтті. Олар қайта оқудан өткеннен кейін өзге әріптестеріне тәлімгер болады. Өндіруші компаниядан мамандардың кепілдік тобы Қазақстанда тағы екі жыл болады. Сол себепті туындауы мүмкін қиындықтар сол жерде шешілетін болады.

Sarbaz.kz осыған дейін Жамбыл облысында Anka түрік ұшқышсыз ұшағы белсенді сынақтан өткенін хабарлаған. Оларға 14157 әскери бөлімінің ұшу және инженерлік-техникалық құрамы және Turkish Aerospace Industries өндіруші компаниясының өкілдері қатысты. Сынақтар басталғанға дейін аралық инспекция, техникалық қабылдау процесі өтті. Сондай-ақ, инженерлік-техникалық құрамның мамандары, ұшқыштар, операторлар Түркияда дайындықтан өтті. Кешенді жеткізіп, орналастырғаннан кейін қазақстандық мамандар сынақтарға кірісті.

__Последние новости

  • Басты назарда

Техниканың дайындығы тексерілді

Кеше, 15:53
Админ
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

Кеше, 12:24
  • Басты назарда

Оқу-әдістемелік жиын

Кеше, 10:27
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

23/11/2024 - 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05