Иран әуе қорғанысын күшейту үшін Ресейдің жойғыш ұшақтарын сатып алды

Техника жақын арада Иранға жеткізіледі

Ануар Маратов

Иран әуе қорғанысын күшейту үшін ресейлік Су-35 жойғыштарын және Ми-28 тікұшақтарын сатып алды. Бұл туралы Иран Ислам Республикасының қорғаныс министірінің орынбасары Сардар Фархи Tasnim агенттігіне берген сұхбатында Ми-28 шабуыл тікұшақтарын, Су-35 жойғыштарын және Як-130 оқу-жаттығу ұшақтарын жеткізу туралы келісімнің расталғанын мәлімдеді, деп Sarbaz.kz тілшісі хабарлайды.

Ол сұхбатында Иранның әскери индустриясының жетістіктері туралы айта келе, ресейлік авиация техникасын алудың маңыздылығына ерекше тоқталып өтті. Оның айтуынша, техника жақын арада Иранға келеді.

2022 жылдың желтоқсанында израильдік БАҚ батыс барлау қызметтеріндегі дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Иран жақын арада Ресейден 24 дана Су-35 жойғыш ұшақтарын сатып алады деп жазған. Бастапқыда Мәскеу Египетке сатуды көздеді, бірақ мәмілені АҚШ әкімшілігі бұзғаннан кейін Иранға Су-35 жеткізу туралы шешім қабылданды делінген болжамда. Ресей басшылығы ұшақтарды Алжир мен Индонезияға сату әрекеті сәтсіз аяқталды делінеді.

Иранға заманауи жауынгерлік ұшақтар мен тікұшақтар өте қажет, олардың  әуе күштерінің негізін ескірген МиГ-29 және F-14 Tomcat жойғыштары және AH-1Cobra тікұшақтары құрайды. F-14 Tomcat пен AH-1 Ислам революциясына дейінгі кезде сатып алынған, ал МиГ-29-дар 1991 жылы Ирактан қашқан ұшқыштардан алынған.

 

Як-130 оқу-жаттығу ұшағы

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың қыркүйегінде Иранға жеткізілген Як-130 оқу-жаттығу ұшақтарының фотосуреттері жарияланған.

__Последние новости

  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03
Админ
  • Басты назарда

Запасқа шықты сарбаздар

05/05/2025 - 18:22
  • Басты назарда

Жас сарбаздар қатары

05/05/2025 - 14:19
  • Басты назарда

Далалық лагердегі дайындық

01/05/2025 - 13:57
  • Басты назарда

Жеңіс мерекесіне арналған турнир

30/04/2025 - 11:54
  • Басты назарда

Сөнбейді әке, шырағың!

30/04/2025 - 11:51
  • Басты назарда

Жеңіс жолын жалғастырушы

28/04/2025 - 13:50
  • Басты назарда

Ұлы Жеңіске арнау

28/04/2025 - 11:53
  • Басты назарда

Үстел ойынының жеңімпазы

28/04/2025 - 10:48
  • Басты назарда

Ұлық мерекеге арналды

27/04/2025 - 15:42
  • Басты назарда

Мен атаммен мақтанамын!

27/04/2025 - 11:52