Францияның Dassault Rafale жойғыш ұшақтары туралы не белгілі?

Дассо «Рафаль» (фр. Dassault Rafale, сөзбе-сөз аударғанда «Дауыл» мағынасын береді) – Францияның «Dassault Aviation» компаниясы әзірлеген төртінші буындағы көп мақсатты жойғыш ұшақ

Ануар Маратов

Біз өткен аптада Өзбекстан елінің Франциядан Rafale жойғыш ұшақтарының 24 данасын сатып алуды жоспарлап отырғаны туралы жазғанбыз. Дегенмен кеше, яғни 26 қараша күні франциялық La Tribune басылымы Қазақстанға қатысты қызықты ақпарат жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Басылымның хабарлауынша Францияның Dassault Aviation аэроғарыштық компаниясы Өзбекстаннан бөлек Қазақстанға да Rafale жойғыш ұшағының төртінші буынын сатуды жоспарлап отыр.

«Сенімді дереккөздердің мәлімдеуінше, Франция бірнеше ай бойы екіжақты қарым-қатынасты тереңдету үшін Орталық Азияның осы екі елін белсенді зерделеді. Бұл Эммануэль Макронның Қазақстанға, содан кейін 1 және 2 қарашада Өзбекстанға сапарының негізгі мәні болды», - деп мақалада айтылады.

Қазақстан Rafale жойғыш ұшақтарын сатып алуды жоспарлап отыр ма? Бұл сауалдың жауабы әзірге белгісіз. Аталмыш басылымның жазуынша қазіргі уақытта Қазақстанның иелігінде Ресейде өндірілген Су-30СМ жойғыштарының 23 данасы бар және төрт келісімшарт бойынша барлығы 36 ұшаққа тапсырыс берілген.

Сонымен Францияның Rafale жойғыш ұшақтарының қандай күші бар? Бұл техника туралы не белгілі?

Дассо «Рафаль» (фр. Dassault Rafale, сөзбе-сөз аударғанда «Дауыл» мағынасын береді) – Францияның «Dassault Aviation» компаниясы әзірлеген төртінші буындағы көп мақсатты жойғыш ұшақ.

«Рафаль» қазіргі уақытта ең жетілдірілген жойғыштардың бірі болып саналады. Ол заманауи белсенді фазалық торы бар радармен, сол сияқты байланыс, анықтау және қорғау жүйелерімен жабдықталған. Бұдан бөлек құрастырылымында радарларға түсу қаупін азайтатын «стелс» технологиялары қолданылады. Әуедегі, жердегі және теңіздегі нысандарға шабуылдай алатын көп мақсатты жойғыш ретінде ерекшеленеді. Сонымен қатар, ядролық қарудың тасымалдауышысы бола алады.

Ұшақтың Rafale M нұсқасы авиатасымалдағыштарға қызмет ету үшін арнайы құрастырылған. Сондай-ақ, Францияның әскери-теңіз күштерінің «Шарль де Голль» авиатасымалдағышы ретінде қолданылады деген де ақпарат бар.

Бұл техника Франциядан бөлек, Грекия, Египет, Катар және Үндістан сияқты елдердің әскерлерінде қару ретінде қабылданған.

Бір данасының құны нұсқасына байланысты 85 млн доллардан басталып, 124 млн долларға дейін барады.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Бүгін, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

Кеше, 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22