NLAW: брондалған танктерді жоятын жойқын қару

Оны меңгеру мен тиімділігі – қарудың басты ерекшеліктері

Ануар Маратов

Сарбаздарды қарапайым және нәтижелі танкке қарсы қарумен жабдықтау, брондалған нысанды бірден жою – әскердің маңызды міндеті. Sarbaz.kz тілшісі бұл жолы танкке қарсы NLAW зымырандарының ерекшелігіне тоқталып өтпек.

NLAW ДЕГЕН НЕ?

NLAW (ағылш. Next Generation Light anti-tank Weapon – «Келесі буыннның жеңіл танкке қарсы қаруы») – швед-британиялық тасымалданатын танкке қарсы басқарылатын зымыран. NLAW иықтан атуға және жаяу әскерге арналған бір реттік ату зымыраны кешені. 

Кешен Ұлыбританияның Қорғаныс министрлігі MBT LAW жобасы аясында құрылған. Бұл ескірген британиялық LAW-80 граната атқышқардың орнын басуға арналған, танкке қарсы жаңа қару-жарақ.

LAW бағдарламасында далалық бекіністерді жою, жақын қашықта өтетін шайқаста (300 метрге дейін) бронды машиналармен күресу және қалалық ұрыс жағдайында шағын үй-жайлардан ату үшін жарамды болу жағдайы қарастырылған.

2009 жылы NLAW Ұлыбритания әскерінің қаруына қабылданды және оның сериялық өндірісі басталды.

ӘРЕКЕТ ҚАҒИДАТЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ

Танкке қарсы басқарылатын зымыран «ату және ұмыту» қағидаты бойынша жұмыс істейді және бронды машиналар мен далалық бекіністермен күресу үшін қолданылады.

Зымыранды ұшыру үшін атқыш нысананы көздеуішке ұстап, оны кем дегенде үш секунд бойы сүйемелдеуі керек. Бұл электроника блогы нысанаға дейінгі қашықтықты, оның жылдамдығын, және басқа да көрсеткіштерді есептуге уақыт береді. Зымыранның ерекшелігі – ол танктің биіктігінен асып ұшады және кумулятивті оқтұмсық арқылы насананың төбесіне шабуыл жасайды. Құрышты тесу көрсеткіші кем дегенде 500 мм құрайды.

Негізгі техникалық сипаттамалары:

Салмағы: 12,5 кг; Ұзындығы: 1016 мм; Калибр: 150 мм; Жылдамдығы: 40 м/с (бастапқы), 200 м/с (максималды); Атыс қашықтығы 20-800 м (тиімді), 1000 м (максималды).

ЖАУЫНГЕРЛІК ҚОЛДАНУЫ

Қазіргі таңда NLAW қаруы 8 мемлекетте қабылданған: Швеция, Ұлыбритания, Швейцария, Украина, Люксембург, Индонезия және Малайзия.

Зымыранның Украинада қолданылып жатқанын атап өткен жөн. Ресейдің басып кіруіне аз уақыт қалғанда Ұлыбритания Украинаға бірнеше мың осындай зымыранды шұғыл жеткізген. Жүйенің қарапайымдылығы украиналық сарбаздардың тез үйренуіне мүмкіндік берді. Кейбір деректер бойынша, NLAW Ресейдің брондалған техникасының 30-40%-ның жойылуына жауапты.

2023 жылдың 15 мамырындағы жағдай бойынша Ұлыбритания Украинаға 5000-нан астам NLAW жіберді.

NLAW – жаяу әскерге арналған және оған жаудың брондалған машиналарымен тиімді күресуге мүмкіндік беретін қару. Мұндай жеңіл танкке қарсы кешендер басқарылмайтын граната атқыштарды алмастыра алады деген пікірлер бар.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Бүгін, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

Кеше, 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22