JDAM: арзан әрі жойқын бомба

Оның бірінші жинағын 1997 жылы Boeing шығарды

Ануар Маратов

JDAM әуе бомбалары «баға – сапа» қатынасы бойынша дәлдігі жоғары қару түрлері арасында тиімді және жойқын қару-жарақ түрлерінің бірі, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

JDAM (Joint Direct Attack Munition) – тікелей шабуыл жасайтын оқ-дәрі – бұл басқарылмайтын бомбаларды ауа райына қарамастан, жоғары дәлдіктегі «ақылды бомбаларға» айналдыратын нұсқаулық жиынтығы.

Жүйенің негізгі компоненттері – аэродинамикалық басқаруы бар артқы бөлігі, қаптамалар жиынтығы (корпус) және біріктірілген иннерциялық бағыттау жүйесі мен GPS бағыттауды басқару блогы.

Бірінші жинақты 1997 жылы Boeing шығарды. JDAM әзірлеу бағдарламасы – АҚШ Әскери-әуе күштері мен АҚШ Әскери-теңіз күштерінің бірлескен бағдарламасы.

JDAM-мен жабдықталған бомбалар жаһандық позициялау жүйесінің (GPS) қабылдағышына  интеграцияланған инерциялық бағыттау жүйесімен басқарылады, бұл оларға 15 теңіз миліне (28 км) дейінгі ұшу қашықтығын береді. JDAM-мен жабдықталған бомбалардың салмағы 500-ден 2000 фунтқа дейін (230-дан 910 кг-ға дейін).


JDAM БОМБАЛАРЫНЫҢ ТОБЫ

1998 жылдан 2016 жылдың қарашасына дейін Boeing 300 000-нан астам JDAM жиынтықтарын шығарды. 2020 жылдың ақпанындағы жағдай бойынша 430 000 жиынтық шығарылды.

ШЫҒАРЫЛУ ТАРИХЫ

Парсы шығанағы соғысы (1991) кезіндегі «Шөлді дауыл» операциясы кезінде АҚШ Әскери-әуе күштерінің бомбалау науқаны бастапқыда хабарланғаннан тиімді болмады, өйткені оларда ауа райының кез-келген жағдайында дәл болатын бомбалар болмады. Бомбадағы лазерлік бағыттау жүйелері ашық ауа райында ерекше дәлдікті көрсетті, бірақ ауадағы шаң, түтін, тұман немесе бұлт жамылғысы оларға лазерлік белгіні «бекіту» қиынға соқты. Зерттеу, әзірлеу, сынау және бағалау (RDT&E) бойынша «Ауа райының қолайсыздығына арналған жоғары дәлдіктегі басқарылатын оқ-дәрі» бағдарламасы 1992 жылы басталды. Бірнеше ұсыныс қарастырылды, оның ішінде GPS қолданатын тұжырымдама болды.

1997 жылы бірінші жиынтықтар АҚШ қарулы күштерінде қабылданды және келесі жылдары JDAM өндірісі тек өсті.

Алғашқы әскери қолданысы 1999 жылғы Югославияға қарсы НАТО-ның әскери операциясы болды (Одақтас күш операциясы). 2002 жылы Acquisition Review журналында жарияланған мақалада «Одақтас күш операциясы кезінде B-2 ұшақтары 651 JDAM-ның 96% сенімділікті көрсетті және жоспарланған нысандардың 87% жойылды», - делінген.

JDAM бомбалары 2000 жылдан кейінгі АҚШ, НАТО және олардың одақтастары қатысқан барлық қарулы кақтығыстарда қолданды және қолданылып жатыр. Олардың ішінде Ауғанстан (2001), Ирак (2003), Ливия (2011), Сирия, Украина бар.

Қазіргі кезде JDAM-ның ұшу қашықтығының арттырылған нұсқасы – ұшатын бомба JDAM-ER өндірісте дайындалып жатыр. Ұшу қашықтығын арттыру үшін JDAM бомбасы жиналмалы қанаттармен жабдықталады. Ұшу қашықтыға 72 км құрайды.

JDAM-ER ҰШАТЫН БОМБАСЫ

JDAM-ның өзгелерінен артықшылығы неде? Мысалы Томагавк қанатты замыраны 2006 жылы 730 мың долларды құраса, бір JDAM жиынтығының бағасы шамамен 30 мың доллар болады, яғни бір қанатты зымыранның бағасы шамамен 25 JDAM бомбасына тең, және зымыранмен салыстырғанда бұл бомбаның тек бір ғана кемшілігі бар – қысқа қолдану қашықтығы. Алайда, АҚШ-тың қарулы күштерінің соңғы 30 жылдағы стратегиясын талдасақ, олар қатысқан барлық соғыста жау әскерінің әуе қорғау күштерін бірінші жояды және әуедегі басылымдылыққа ие болады.

Бұл, осындай еркін түсетін бомбаларды жоғарғы дәлдік қаруға айналдыру жобасы экономикалық тұрғыдан тиімділігін көрсетеді және әуе күштерінің жаппай және арзан, жоғарғы дәлдікті қару болмақ.

__Последние новости

  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

Кеше, 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59