Астанада әскери симулятордың таныстырылымы өтті

Симулятор оқу процесін жеңілдетуі тиіс

Ануар Маратов

Мемлекет басшысының әскерлерді, оның ішінде резервті даярлауды жетілдіру жөніндегі тапсырмаларын орындау барысында бірнеше бағыт бойынша мамандар даярлауға койылатын талаптарды күшейту жұмысы жүргізіліп жатыр. Осыған орай елордада әскери кафедралардың басшыларына әскери симулятор таныстырылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Казіргі уақытта ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын цифрландыру және пайдалануды кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылады. Тәжірибе көрсеткендей, оқу процесінде жаңа цифрлық технологияларды пайдалану резервті дайындаудың сапасы мен тиімділігін арттырып қана коймай, сонымен бірге білім алушыларға тәрбиелік жағынан да әсер етеді.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің әскери білім және ғылым департаменті, сол сияқты «Defense Tech» салалық орталығы «Финист» ЖШС-мен бірлесіп, «Қазақстан ГИС Орталығы» АҚ базасында, Астана қаласында орналасқан әскери кафедралардың өкілдері үшін офлайн және қалғандары үшін онлайн, «Геотактика» тактикалык іс-қимыл симуляторының тұсаукесерін өткізу, сондай-ақ туындаған барлық мәселелерді түсіндіру бойынша кездесу өтті.

Кездесу барысында симуляторды қабылдаудың орындылығы, оқу үдерісіндегі орны туралы қызу пікірталастар болды. Нәтижесінде тараптар симулятор келесі жылы білім алушылардың дайындық бағытына байланысты түрлі кафедралардың қажеттіліктерін қанағаттандырғаннан кейін оқу бағдарламасына қабылданады деген қорытындыға келді.

Симулятор елдің кейбір әскери кафедраларында қабылданған және оқу процесінде толығымен қолданылатынын айта кету керек.

«Геотактика» – бұл жауынгерлік әрекеттердің, навигация және тактикалық барлаудың негізгі дағдыларын үйретуге арналған виртуалды платформа. Ол әртүрлі сценарийлер мен тактикалық жағдайларды дәл қалпына келтіруге мүмкіндік беретін көптеген функционалдылыққа ие. Бағдарламаны классикалық аудиториялық ортада да, онлайн оқыту режимінде де қолдануға болады. Бұл оны мамандарды даярлаудың әмбебап құралы етеді.

__Последние новости

  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

Кеше, 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59