Солтүстік Кореяға қарсы тұру: Оңтүстік Корея АҚШ-тың SM-6 зымырандарын сатып алады

АҚШ Мемлекеттік департаменті сатуды мақұлдады

Ануар Маратов

АҚШ Мемлекеттік департаменті Оңтүстік Кореяға азиялық одақтастың қауіпсіздік мүмкіндіктерін жақсартуға көмектесу үшін Standard missile-6 (SM-6) кеме зымырандарын және онымен байланысты жабдықтарды сатуды мақұлдады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Yonhap-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Қорғаныс министрлігі жанындағы қорғаныс қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық агенттігі (DSCA) 650 миллион АҚШ долларына бағаланған әскери техниканы шетелге үкіметаралық сату туралы хабарландыру жасады.

DSCA мәліметтері бойынша, Оңтүстік Корея үкіметі 38 данаға дейін SM-6 block I зымырандарын, тік ұшыру жүйелеріне арналған контейнерлерді, оқу құралдарын және өзге де жабдықтарды сатып алуды сұрады.

«Бұл Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы саяси тұрақтылық пен экономикалық прогрестің күші болып саналатын негізгі одақтастың қауіпсіздігін жақсарту арқылы Америка Құрама Штаттарының сыртқы саясаты мен ұлттық қауіпсіздік мақсаттарын қолдайды және Корея Республикасының қазіргі және болашақтағы қауіп-қатерлерге қарсы тұру қабілетін жақсартады. Сонымен бірге АҚШ-пен және өзге одақтастармен жедел үйлесімділікті арттырады», — делінген агенттік хабарламасында.

14 қараша, сейсенбі күні, DSCA қажетті сертификат берді, сатылу мүмкіндігі Конгреске хабарланды. Себебі сату Конгресстің мақұлдауын қажет етеді.

Енгізілген жағдайда, SM-6 тосқауылшы зымырандар алдағы жылдары орналасатын Aegis жүйесімен жабдықталған Оңтүстік Корея Әскери-теңіз күштерінің 8200 тонналық KDX-III эскадралық минатасушыларына орнатылады деп күтіліп отыр.


KDX-III жобасының эскадралық минатасушысы

Солтүстік Корея тарапынан артып келе жатқан зымырандық қауіптеріне қарсы тұру үшін Оңтүстік Корея Әскери-теңіз күштері Aegis эскадралық минатасушылар флотында SM-2 «кеме-әуе» зымырандарын қолданады. Дегенмен олар ұзақ қашықтағы жақсы тосқауылшылар іздеп отыр.

Айта кетерлігі, Америкалық Raytheon technologies Corp. қорғаныс фирмасы шығаратын SM-6 зымырандары 460 шақырымға дейінгі нысандарды жоя алатыны белгілі.

__Последние новости

  • Басты назарда

БАҒЫТ-БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДАЛДЫ

Кеше, 09:06
Админ
  • Басты назарда

ЖҮРЕКТІ ЖЫЛЫТҚАН ЖҮЗДЕСУ

Кеше, 09:03
  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03
  • Басты назарда

Запасқа шықты сарбаздар

05/05/2025 - 18:22
  • Басты назарда

Жас сарбаздар қатары

05/05/2025 - 14:19
  • Басты назарда

Далалық лагердегі дайындық

01/05/2025 - 13:57
  • Басты назарда

Жеңіс мерекесіне арналған турнир

30/04/2025 - 11:54
  • Басты назарда

Сөнбейді әке, шырағың!

30/04/2025 - 11:51
  • Басты назарда

Жеңіс жолын жалғастырушы

28/04/2025 - 13:50
  • Басты назарда

Ұлы Жеңіске арнау

28/04/2025 - 11:53
  • Басты назарда

Үстел ойынының жеңімпазы

28/04/2025 - 10:48
  • Басты назарда

Ұлық мерекеге арналды

27/04/2025 - 15:42
  • Басты назарда

Мен атаммен мақтанамын!

27/04/2025 - 11:52