Сүңгуір қайығы қалай жасалып шығарылды
Қырғи-қабақ соғыс жылдарында АҚШ пен КСРО арасындағы қару-жарақ жарысы нәтижесінде түрлі қарулар жасап шығарылды. Бір қарағанда олардың шын екеніне сену де қиын. Солардың бірі – кеңестік «Акула» жобасының сүңгуір қайықтары, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
«Акула» жобасының негізгі қаруы – 20 Р-39 баллистикалық зымырандары. Әлемдегі ең үлкен сүңгуір қайық болып саналады.
ШЫҒУ ТАРИХЫ
Өткен ғасырдың 70-ші жылдарының басында баллистикалық зымырандарды тасымалдауға қабілетті атомдық сүңгуір қайықтардың рөлі артты. Атомдық сүңгуір қайықтардың дизельді қайықтарға қарағанда басты артықшылығы – су астындағы жүзу уақыты шексіз.
Осындай қайықтардың бірі – 24 баллистикалық зымыранды алып жүруге қабілетті америкалық «Огайо» класындағы сүңгуір қайық болды. КСРО бұған жауап ретінде «941» жобасының сүңгуір кемесін жасап шығарды. Қайықтың негізгі атауы «Акула» болатын, бірақ ол «Тайфун» деген атпен танымал.
«941» жобасының қайығын құруды кеңестік Сергей Никитович Ковалев басқарды. Ол бірнеше рет мемлекеттік марапаттармен марапатталған және бірнеше онжылдықтар бойы Ленинградтағы ЦКБМТ «Рубинді» басқарды. Бұл бюроның ұжымына ең үлкен қайықты әзірлеу тапсырылған. Құрылыс Северодвинсктегі «Севмаш» кәсіпорнында жүзеге асырылды.
Қайықтың «Акула» деген атауы КОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы Леонид Ильич Брежнев қайықты 1981 жылы партия съезінің делегаттарына және бүкіл әлемге таныстырғаннан кейін пайда болды.
Сүңгуір қайықтың өлшемдері орасан зор, оның ұзындығы – 173 метр, ені – 23 метр, ал толық су сыйымдылығы – 48 000 тонна. Мысалға «Акуланың» тікелей бәсекелесі «Огайоның» толық су сыйымдылығы 18 750 тоннаны құрайды.
Огайо және Акула сүңгуір қайықтарының өлшемдерін салыстыру
ТАЙФУН СҮҢГУІР ҚАЙЫҒЫ ҚАЛАЙ ЖАСАЛЫП ШЫҒАРЫЛДЫ
Су асты қайығының ерекшелігі – жеңіл корпустың ішінде бес берік корпустың болуы. Олардың екеуі – негізгі, максималды диаметрі – 10 м және катамаран принципі бойынша бір-біріне параллель орналасқан. Кеменің алдыңғы жағында негізгі мықты корпустардың арасында зымыран техникалары орналасқан, олар алғаш рет орталық посттың алдына қойылған. Сонымен қатар, үш бөлек герметикалық бөлім бар: торпедалық бөлім, орталық посты бар басқару модулінің бөлімі және артқы механикалық бөлім. Негізгі корпустар арасындағы кеңістікке үш бөлімді орналастыру қайықтың өрт қауіпсіздігі мен өміршеңдігін арттыруға мүмкіндік берді.
Екі берік корпус пен баллистикалық зымыран айқын көрініп тұр
Сүңгуір қайық 2 190 МВт ядролық реактор арқылы жүзеге асырылатын 7 ескегі бар 2 винттің көмегімен қозғалысқа келтіріледі.
СҮҢГУІР ҚАЙЫҚТЫҢ ТАКТИКАЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Экипаж – 160 адам, оның ішінде 1/3 офицерлерді құрайды. Сүңгуір қайық ыңғайлы қызмет көрсету үшін қажет нәрсенің бәрімен жабдықталған.
«Акуланың» негізгі қару-жарағы 20 Р-39 құрлықаралық баллистикалық зымыран. Олардың әрқайсысы 10 200 килтотонналық оқтұмсықпен жабдықталған және 8000 км қашықтыққа ұшуға қабілетті. Қосымша қару-жараққа түрлі торпедалар, теңіз миналары кіреді. Әуе шабуылынан қорғаныс үшін «Игла» көшпелі зенитті зымыран кешені қолданылады.
Осы типтегі алғашқы ТК-208 техникасы 1976 жылы маусымда Севмаш кәсіпорнында жасалынды және 1981 жылы желтоқсанда АҚШ әскери-теңіз күштеріне ұқсас «Огайо» типімен бір мезгілде қолданысқа енгізілді.
Бастапқыда бұл жобаның 10 қайығын салу жоспарланған болатын, алайда SALT I келісімі бойынша және бірқатар қаржылық және саяси мәселелерге байланысты серия алты кемемен шектелді (серияның жетінші кемесі — ТК-210 стапельде бөлшектелген, ал соңғы үш қайығы құрылысқа дайындық кезеңінде тоқтап қалды).
Қазіргі кезде, құрастырылған 6 сүңгуір қайықтың 3-еуі КСРО құлдырағаннан кейін бөлшектелді, 2-еуі флот құрамынан шығарылды және бөлшектелуі тиіс. Соңғы қалған ТК-208 Дмитрий Донской қазіргі кезде жаңа «Булава» баллистикалық зымыранын сынау үшін қолданылады.
«Акуланың» сипаттамалары:
Жылдамдығы (жер үсті) – 12 түйін (теңіз навигациясындағы жылдамдықтың жүйеден тыс бірлігі. 1 түйін = 1 теңіз миль/сағат = 1,852 км/сағ); Жылдамдық (су асты) – 25 түйін (46,3 км/сағ); Сүңгу тереңдігі – 400 м; Сүңгудің шекті тереңдігі – 500 м; Жүзу автономиясы – 180 күн (6 ай); Экипаж – 160 адам (оның ішінде 52 офицер);Энергетикалық қондырғы:
2 ОК-650вв су-сулы ядролық реакторының әрқайсысы 190 МВт; 2 турбина әрқайсысы 45000-50000 ат күші; Диаметрі – 5,55 м 7 қалақты 2 еспе винттері; 3,2 МВт-тан 4 бу турбиналы атомдық энергетикалық қондырғы.