Барлау мен шабуылдауға арналған: Түркия Нигерияға жауынгерлік тікұшақтарын береді

Нигерия Қарулы Күштері алдағы апталарда алғашқы екі T129 ATAK шабуыл тікұшағын алады

Ануар Маратов

Әлеуметтік желілерде Нигерия Қарулы Күштеріне жеткізілетін TAI (Turkish Aerospace Industries) түрік компаниясы шығарған алғашқы екі Т129 АТАК шабуыл тікұшақтарының фотосуреттері жарияланды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Business day басылымы екі техниканы Нигерияның Қорғаныс министрі Альхаджи Мұхаммед Бадару мен Нигерия әуе күштері штабының бастығы, Әуе маршалы Хасан Абубакардың бірлескен фотосуретінде жарияланғанын хабарлады.

Айта кетерлігі, Нигерия әуе күштерінің қолбасшысы Хасан Абубакар 2023 жылдың 23 тамызында Порт-Харкорттағы 115-ші арнайы операциялар тобына (SOG) бір күндік сапарында АҚШ пен Түркия жақын арада Нигерияға 18 соққы беретін тікұшақ жеткізеді деп мәлімдеді.

АҚШ 12 Bell AH-1Z Viper шабуыл тікұшағын, Анкара – алты түрік шабуыл тікұшағын жеткізуге ниетті.

TAI/AgustaWestland T129 ATAK- Agusta А129 Mangusta тікұшақ платформасында негізделген екі қозғалтқышты, тандемді, көп мақсатты, ауа райын талғамайтын тікұшақ. Оны Turkish Aerospace Industries (TAI) Leonardo S. p.a. компаниясымен серіктестікте әзірледі. Тікұшақ күндіз де, түнде де жоғары температура мен биік таулы аймақ жағдайында барлау және шабуыл тапсырмаларын орындауға арналған.

T129 ATAK түнгі және күндізгі уақытта қолайсыз қоршаған орта жағдайларында жұмыс істеуге оңтайландырылған. Ол түрік армиясының талаптарына сәйкес, A129 түпнұсқасынан бірнеше есе жақсартылған. T129 маневрдің жоғары деңгейін, жоғары соққыға төзімділікті және баллистикалық тұрақтылықты, сондай-ақ дыбыс деңгейін және радиолокациялық силуэтті азайтуын қамтамасыз ету үшін жасалған.

T129 тікұшағы Түркия әзірлеген авиониканы, планер модификацияларын және қару-жарақ жүйелерін AgustaWestland A129 планеріне жаңартылған қозғалтқыштармен, беріліс қорабымен және ротор қалақтарымен біріктірудің нәтижесі болып саналады.

Т129-дың бастапқы нұсқадан айырмашылығы – Түркияда әзірленген борттық компьютер, авионика, қару-жарақ жүйелерін, өзін-өзі қорғау құралдары және өзге қару жиынтығы. Бұл – лазермен бағытталатын CIRIT зымырандары және лазердік/инфрақызыл өзіндік дәлдеу бастиегімен жабдықталатын UMTAS зымырандары.

Т-129 нұсқалары:

T129A – 20 мм Гатлинг зеңбірегіменмен жабдықталған және 70 мм зымырандарды алып жүруге қабілетті «жауынгерлік қолдау» нұсқасы; T129B – бұл электронды соғыс жүйелерімен жабдықталған «көп мақсатты» нұсқа. T129B 20 мм Гатлинг зеңбірегімен қаруланған және сегіз UMTAS зымырандары, 16 CIRIT зымыраны, сегіз Stinger әуе зымыраны, 76 70 мм басқарылмайтын зымыран түрінде әртүрлі пайдалы жүктемелерді көтере алады.

Қазіргі кезде, Т129 негізгі қолданушылары – Түркия:

- Түркия құрлық әскері: 58 T-129A/T-129B;

- Жандармерияның Бас қолбасшылығы: тапсырыс берілген 24-тің 13-і жеткізілді;

Филипин – 4 T-129B.

Басқа тікұшақтармен салыстырғанда, Т129 өз сыныбының лайықты өкілі болып саналады. Басқа тікұшақтармен салыстырғанда, Т129 АТАК кейбір сипаттамалары бойынша қатарластарынан асып түседі. Мысалы, жоғарыда аталған AH-1Z Viper тікұшағымен салыстырғанда, Т129 АТАК-тың дағдылы жылдамдығы және әрекет радиусы көбірек. Алайда, техниканы тек сипаттамалары бойынша салыстыруға болмайтынын да есте ұстаған жөн.

Қорытындысында, Т129 АТАК техниканы өз қажеттіліктеріне бейімдеудің жақсы үлгісі болып саналады. Сондай-ақ, түрік әскери-өнеркәсіптік кешенінің кең дамуы аясында бұл тікұшақтың экспорттық әлеуеті де зор.

Негізгі сипаттамалары:

Экипаж: 2: ұшқыш және екінші ұшқыш / атқыш; Ұзындығы: 13,45 м; Ротордың диаметрі: 11,90 м; Биіктігі: 3,4 м; Қалақтар ауданы: 111,22 м2; Максималды ұшу салмағы: 5000 кг; Күш қондырғысы: 2 × LHTEC CTS800-4A турбобілікті қозғалтқышы, әрқайсысы 1 014 кВт (1361 аттың күші); Қалақтар: 5 қалақты негізгі ротор.

Ұшу сипаттамалары:

Максималды жылдамдық: 278 км/сағ; Дағдылы жылдамдық: 269 км/сағ; Әрекет радиусы: 561 км; Ұшу қашықтығы: 1000 км; Максималды ұшу биіктігі: 6096 м; Көтерілу жылдамдығы: 14,0 м/с;

Қарулану:

Зеңбіректер: 1 × M197 20×102 мм үш оқпанды айналмалы қару (500 оқ); Аспалы нүктелер: 4;

Зымырандар:

38 × 81 мм – басқарылмайтын зымырандар; 76×70 мм – басқарылмайтын зымырандар; 8×AGM-114 Hellfire, BGM-71 TOW, Hydra 70, Spike-ER, UMTАS, OMTAS танкке қарсы зымырандары; 16x70мм CIRIT зымырандары; 2 × AIM-92 Stinger немесе Mistral немесе AIM-9 Sidewinder әуе зымырандары.

__Последние новости

  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

Кеше, 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59