Алматыда мектеп оқушылары зымыран үлгілерін жасап шығарды

Алматыда Smart Sarbaz сыныбының оқушылары арасында зымыран үлгілерін жасау спортынан жарыс өтті

Жарысты Defence Hub және жергілікті әскери басқару органдарының қолдауымен «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық бірлестігінің Алматыдағы филиалы ұйымдастырды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Алматы облысындағы Байсерке әуеайлағында Кеңес Одағының Батыры, бірінші Қорғаныс министрі, Халық қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовке арналған жасөспірім техник-конструкторлардың қалалық жарысы өтті.

«Зымыран және авиация үлгілерін жасау спорт түрін дамыту бүгінде едәуір назарға алынуда. Бұл байқау дарынды балаларды анықтауға және қолдауға, олардың техникалық және шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағытталған. Жуырда оқушыларды осы бағытта мақсатты түрде дайындауды жоспарлап отырмыз», – деді жарыстың бас төрешісі зымыран үлгілерін жасау спортынан әлем чемпионы Юрий Фильчуков.

Жарысқа 9-17 жас аралығындағы 130-дың үстінде оқушы қатысты. Жас техниктер S6 класты үлгілерді жобалауда, өндіруде, іске қосуда және басқаруда бағын сынады.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды №78 мектеп-гимназиясының, екінші орынды Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжінің, үшінші орынды №137 мектептің командалары иеленді. Алматы қаласы №105 гимназиясының оқушылары шараны өткізуге және төрешілікке белсене атсалысты.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02