КХДР-дағы истребительдер мен әуе базалары: Алтынбаев Қорғаныс министрі ретінде несімен есте қалды

Мұхтар Алтынбаев министрдің орын тағында 1996 жылдан 1999 жылға дейін және 2001 жылдан 2007 жылға дейін болды

Мұхтар Алтынбаев 1945 жылы 10 желтоқсанда Қарағандыда дүниеге келген. Еңбек жолын 1962 жылы шахтада бастаған. 1969 жылы Армавир Әуе қорғанысы ұшқыштарының жоғары әскери училищесіне оқуға түсіп, содан кейін әртүрлі лауазымда қызмет етті. 1992 жылы Әуе шабуылына қарсы қорғаныс корпусының командирі және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болды. Ал кейінгі жылдары Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы қызметін атқарды. Мұхтар Алтынбаев министр ретінде несімен есте қалды? Толығырақ Sarbaz.kz порталында.

Дау-дамайға толы бірінші мерзім

Қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаевтың қызметіндегі бірінші мерзім ішкі және халықаралық жанжалмен аяқталды.

Ресми деректерге сәйкес, Алтынбаевтың отставкаға кетуі 1999 жылы Ан-25 ұшақтарын сатумен байланысты болды. Қорғаныс министрлігі Ақтөбе жоғары әскери авиация училищесінің балансында тұрған ұшақтарды сатуға шешім қабылдады. Құжаттарға сәйкес, олар өздерінің авиаресурсын әзірлеген болып саналды. Ұшақтар темір-терсектің құнымен сатылды. Бір ұшақ 12-14 мың долларға бағаланған. Сату туралы келісімді Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық комиссиясы мақұлдаған.

Сауда-саттық басталғаннан кейін көп ұзамай ұшақтарға Ресейден, Украинадан және жергілікті авиакомпаниялардан сатып алушылар құда түскен. Шындығында, сатылатын АН-26-лар темір-терсек деңгейіне түсе қоймаған еді. 1989-1990 жылдары шығарылған ұшақтардың ұшу сағаттары да айтарлықтай көп бола қоймаған еді.

Бұл жағдайды әскери прокурорлар кеш байқап, үш ұшақ Оңтүстік Африкаға сатылып кетті. Бірақ процесс заңды қиындықтар мен апелляцияларға байланысты ұзаққа созылды.

Сондай-ақ Алтынбаевтың араласуымен Қазақстанның Солтүстік Кореяға МиГ-21 истребительдерін заңсыз сатуы туралы даулы мәселесі туындады. Бұл оқиға 1999 жылы наурызда Чехияның Аgroplast фирмасы арқылы сатып алынған алты қазақстандық МиГ-21 ұшағымен Бакуде Ресейлік әуе кемесі ұсталған кезде басталды. Бұл кездің өзінде КХДР Қазақстаннан 14 МиГ сатып алып, енді тағы ондаған истребительді күтіп отырғаны белгілі болды. Бұл АҚШ, Жапония және Оңтүстік Кореяның наразылықтарын тудырды. Мәміле күшін жойып, бірқатар жоғары лауазымды шенеунік, соның ішінде Қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев қызметінен босатылды. Жоғары офицерлердің ешбірі жазасын өтеген жоқ.

Құрылымдық реформалар

2003 жылы Сәт Тоқпақбаевтан кейін Қорғаныс министрі қызметіне қайта оралған Мұхтар Алтынбаев өз жұмысын жалғастырды. Сол жылы Президенттің Жарлығымен әскерлердің үштұғырлы құрылымы – Құрлық әскерлері, Әуе қорғаныс күштері және Әскери-теңіз күштері құрылды. Сондай-ақ «Астана», «Оңтүстік», «Батыс» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтары құрылды. Әскерлердің жаңа түрлері – Зымыран әскерлері мен артиллерия, Аэромобильді әскерлері, Қарулы Күштер Тылы құрылды.

Армияны кәсібилендіру

2004 жылдан бастап Қорғаныс министрлігі сарбаздар мен сержанттар лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери күштердің санын жоспарлы түрде көбейтуге кірісті. Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың өкілеттіктері де бөлінді, бұл әскери бөлімдерді шенеунік жұмысынан ауыстырылған жауынгерлік офицерлермен толықтыруға мүмкіндік берді. 2007 жылға қарай келісімшарт негізінде әскери қызметшілер саны 65 пайызға дейін жеткізілді.

Әскери авиацияны дамыту

2000-2001 жылдары Әуе қорғанысы күштерінің басшысы бола тұра, Алтынбаев авиация реформаларын, атап айтқанда, оны қайта орналастыруды жүргізді. Ол әуе базаларын біркелкі таратып, әуе қорғанысын күшейтті. Мәселен, 2003 жылы Алматы облысында Жетіген авиабазасы ашылды.

«Бізде бұған дейін Алматыда жауынгерлік кезекшілік болған жоқ. Қазіргі уақытта 20 машина мен экипаж толық жауынгерлік дайындықта», - деді Қорғаныс министрі Алтынбаев.

__Последние новости

  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

Бүгін, 10:21
Админ
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Кеше, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28