«Алғыс ретінде анаша ұсынды»: әскери хирург Ауған соғысындағы естеліктерімен бөлісті

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуы қарсаңында полковник Асылхан Утеевтің «На острые скальпеля» кітабы жарыққа шықты

Нұрдәулет Кәкіш

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуы қарсаңында бірнеше жыл соғыста болып, талай жанның өмірін арашалаған әскери хирург, полковник Асылхан Утеевтің «На острые скальпеля» кітабы жарыққа шықты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Кітапта «2-мұсылман батальоны» деген атпен танылған 177-арнайы жасақтың (командирі аты аңызға айналған «Қара майор» – Борис Керімбаев) әскери хирургі соғыс кезінде өз көзімен небір жаралыны көргенін, оларды қалай емдегенін жазады. Тіпті минадан, басқа да жарылыс заттардан аяқ немесе қолы жұлынып қалған жантүршігерлік оқиғаларды еске алады.

«Соғыс кезінде коммерциялық сәттер де болды. Бірде Ауғанстан азаматының қолында жарылғыш зат жарылып, қатты жарақат алған. Саусақтары жұлынып қалыпты. Содан кейін ол азамат бізге әкелінген соң дереу отаға кірістік. Ота сәтті жасалды. Жалпы, ауған азаматтарының ағзалары мықты болғандықтан, олардың жаралары тез жазылатын. Қолы жараланған азаматтың да денсаулығы жылдам қалпына келді. Отадан кейін бір аптадан соң ол немере қызымен бірге келіп, бізге қолындағы мөшекті ұсынды. «Сен мені аман алып қалдың. Сол үшін сендерге алғысым зор. Бұл менің сендерге сыйлығым болсын. Қолымда бұдан басқа ештеңе жоқ», - деді. Сөйтсек, мөшектің іші толған анаша болып шықты. Содан артынша санитарлық бөлім оны отқа жағып жіберді», - деп отты жылдарды еске алады Асылхан Утеев «На острые скальпеля» кітабында.

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Астана медицина университетінде ұйымдастырылған іс-шара аясында «На острые скальпеля» кітабының тұсаукесері өтті. Іс-шараға Ауған соғысының ардагерлері, университет жанындағы әскери кафедраның студенттер командасы, «Жас сарбаздықтар» қатысты.  

__Последние новости

  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

Бүгін, 10:21
Админ
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Кеше, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28