Нью-Йорк кітапханасында «Түркістан, 1882» деген түсіндірме жазуы бар сурет табылды

Сурет авторы – 1842-1904 жылдар арасында өмір сүрген, өз заманында орыс ішінен шығып, әлемге танылған суретші Василий Васильевич Верещагин

Нұрдәулет Кәкіш

16 млн оқырманы бар, кітаптарын миллионлаған адам онлайн пайдаланатын АҚШ-тағы төртінші кезектегі ірі кітапхана саналатын Нью-Йорк кітапханасында «Түркістан, 1882» деген түсіндірме жазуы бар сурет табылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі KazUnite порталына сілтеме жасап.

Сурет авторы – 1842-1904 жылдар арасында өмір сүрген, өз заманында орыс ішінен шығып, әлемге танылған суретші Василий Васильевич Верещагин.

Верещагин Ресейдің әскери суретшілерінің бірі болған. Шығармалары негізінен реалистік графика жанрында суреттелген. Реализмге негізделгендіктен, оның шығармашылығы ұзақ жылдарда қысымға ілігіп, кең көлемде таралмаған.

Верещагиннің өмірі қазақ даласымен де байланысты болған. 1867 жылы Парижде бейнелеу өнері бойынша білім алып, оқуын тәмамдаған суретші сол тұста Түркістан губернаторы Константин фон Кауфман Ресей патшалығының Орталық Азия территориясындағы әскери қызметіне картографтар мен суретшілерді қажет ететінін хабарлайды.

Суретші Василий Васильевич Верещагиннің өмірі мен шығармашылығы жайлы еңбектерде дәл осы сурет «1872 жылы салынған» деп жазылыпты. Ал Нью-Йорк кітапханасында ол «1882 жылы дүниеге келген еңбек» деп көрсетіледі. Қалай болғанда да, суреттің кемі 140 жылдан аса тарихы бар.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02