Париж Олимпиадасына 36 әскери спортшы қатысады

2023 жылы әскери спортшылар 340 медаль жеңіп алды

Нұрдәулет Кәкіш

Қорғаныс министрлігінің Спорт комитетінен 36 спортшы Олимпиада ойындарында өнер көрсетеді. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz. Париждегі жазғы Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 шілдесінен 11 тамызына дейінгі аралықта өтеді.

«2023 жылы әскери қызметші-спортшылар әртүрлі деңгейдегі 143 іс-шараға қатысып, барлығы 340 медаль иеленді. Оның 171-і – алтын, 82-і – күміс, 87-і – қола. 2024 жылы Париждегі Олимпиада ойындарында Қорғаныс министрлігінің Спорт комитетінен 36 спортшысы елдің намысын қорғауды жоспарлап отыр», - деді генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов.

Спорт комитеті – ҚР Қорғаныс министрлігі армиясының орталық спорт клубы. Онда спорттың 20-дан аса түрін, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері мен орталықтарының желісін дамытады.

Сонымен қатар Сұлтан Камалетдинов келесі жылы әскери қызметшілердің жалақысын 30 пайызға өсетінін айтты.

__Последние новости