Астанада конкурдан ел чемпионаты өтті

Жарысқа 50-ге жуық спортшылары қатысты

Админ

Елордадағы «Арғымақ» ат-сауықтыру кешенінде Тәуелсіздік күніне орай конкурдан Қазақстан чемпионаты өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz Астана әкімдігіне сілтеме жасап.

Іс-шараның ашылу салтанатына Астана қаласының Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының президенті Ерлан Каналимов, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев және «Арғымақ» ат-сауықтыру кешенінің директоры Аманжол Хасенов қатысты.

Қалалық спорт басқармасының басшысы Самат Сәбитұлы Тәуелсіздік күніне арналған ел чемпионаттың ашылуымен құттықтап, конкурдан жыл басынан бері Астанада бесінші рет ұйымдастырылып жатқанын тілге тиек етті.

«Бұл күн ата-бабамыздың сан ғасыр бойы аңсаған асқақ арманы мен ақжарма тілегі орындалып, үкілі үміті үстем болып, егемен еліміздің еркін дамуына айқара жол ашқан күн. Сондықтан бұл мереке қасиетті де қастерлі. Бір жыл бұрын Республика күні қолданысқа берілген кешенде аймақтық, қалалық, республикалық деңгейдегі жарыстар ұйымдастырылуда.
Ал биылға конкурдан өтіп жатқан бұл бесінші жарыс», - деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, түрлі биіктіктегі 4 бағытта шеберліктерін сынауға тек Астана қаласының 50-ге жуық спортшылары қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ауа райының бұзылуы, жолдың жабылуына байланысты еліміздің өзге облыстары қатысудан мәжбүрлі түрде бас тартты.

Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және қалалық Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының ұйымдастыруымен өтті.

__Последние новости

  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03
Админ
  • Басты назарда

Запасқа шықты сарбаздар

05/05/2025 - 18:22
  • Басты назарда

Жас сарбаздар қатары

05/05/2025 - 14:19
  • Басты назарда

Далалық лагердегі дайындық

01/05/2025 - 13:57
  • Басты назарда

Жеңіс мерекесіне арналған турнир

30/04/2025 - 11:54
  • Басты назарда

Сөнбейді әке, шырағың!

30/04/2025 - 11:51
  • Басты назарда

Жеңіс жолын жалғастырушы

28/04/2025 - 13:50
  • Басты назарда

Ұлы Жеңіске арнау

28/04/2025 - 11:53
  • Басты назарда

Үстел ойынының жеңімпазы

28/04/2025 - 10:48
  • Басты назарда

Ұлық мерекеге арналды

27/04/2025 - 15:42
  • Басты назарда

Мен атаммен мақтанамын!

27/04/2025 - 11:52