Астанада әскери қызметшілер арасында қоян-қолтық ұрыстан халықаралық турнир өтеді

45 спортшы турнирге жолдама алмақ

Орталық спорт клубының Алматы филиалының базасында Қазақстан Республикасы Қарулы күштері әскери қызметшілері арасында қоян-қолтық ұрыстан оқу-жаттығу жиындары өту үстінде, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Іріктеу жарыстарына еліміздің Қарулы күштерінің ең мықты деген 60 спортшысы қатысып жатыр. Олардың қатарында әлем чемпиондары майор Вадим Федосеев, кіші сержанттар Әсел Анарбаева, Жандос Мадехиянов, Қарулы күштердің қызметкері Сара Рахмонова, сондай-ақ әлем чемпионаттарының жүлдегерлері лейтенант Арман Ерменбет, сержант Бауыржан Сұлтанов, кіші сержант Еламан Қуатов, ефрейтор Аян Тұрсын бар. 45 спортшы турнирге жолдама алмақ.

«Жиындар Орталық спорт клубының командасын армиялық қоян-қолтық ұрыстан өтетін ТМД чемпионаты мен ҚР Қорғаныс министрінің кубогына арналған республикалық турнирге дайындау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Ең мықты деген спортшылар ел намысын қорғайтын болады», – деді ҚР Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті – Орталық спорт клубының әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша аға жаттықтырушысы майор Жасұлан Мүсеркенов.

Айта кету керек, қоян-қолтық ұрыстан Қорғаныс министрінің кубогы үшін өтетін республикалық турнир мен армиялық қоян-қолтық ұрысынан ТМД чемпионаты 11-13 желтоқсан аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19