Футбол федерациясының президенті Магомед Адиевке көлік сыйлады

Бұл туралы бапкер әлеуметтік желіде хабарлап, бағалы сыйлыққа алғысын жеткізді

Админ

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиевке көлік кілтін табыстады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Бұл туралы бапкер әлеуметтік желіде хабарлап, бағалы сыйлыққа алғысын жеткізді.

Бапкер және команда ретінде жанкүйерлер алдында тиісті межені орындамағанымызды білемін, тиісінше бұл сыйлыққа толық лайықтымын деп айта алмаймын. Әріптестерімізбен бірге футболдан Еуропа чемпионатына шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Алда үлкен жұмыс күтіп тұрғанын сеземіз, сол үшін де өзіміздің сүйікті спортымыз – футболдағы мақсатымыздың орындалуы үшін аянып қалмаймыз. Бұл сыйлықты бағалаймын, ол мен үшін мотивация ғана емес, еліміз бен халқымыз алдындағы міндетімді есіме түсіріп тұратын сый болмақ. Сенім мен қолдау үшін барлығыңызға алғыс, - деп жазды Магомед Мұсаұлы.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Еуропа біріншілігіне тікелей жолдама ала алмағанымен, наурызды Ұлттар лигасы арқылы тағы да бағын сынап көреді. Алғашқы қарсыламыз Грекия құрамасы болмақ.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19