Қазақстандық әскери қызметші джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

Абай гарнизонының әскери қызметшісі Ресей, Бразилия, Уругвай, БАӘ, Иран, Оңтүстік Корея елдерінің спортшыларынан басым түсті

Нұрдәулет Кәкіш

Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Даби қаласында джиу-джитсудан өткен халықаралық турнирде Абай гарнизоны 28738 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, кіші сержант Мерхат Тұяқов әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлем чемпионатында Мерхат Тұяқов қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, әлемдегі ең үздік джитсер екенін көрсетті. 85 келі салмақ дәрежесінже күш сынасқан қазақстандық спортшы жеті белдесу өткізіп, барлығын айқын басымдылықпен жеңді. Атап айтқанда, Ресей, Бразилия, Уругвай, БАӘ, Иран, Оңтүстік Корея сынды елдердің спортшыларынан басым түсті. Осы елдердің төрт палуанын мерзімінен бұрын жеңсе, қалған үш спортшыны ұпай санымен ұтты. Ал алтын жүлде үшін белдесуде Ресей Федерациясы спортшысының мысын басып, әлем чемпионы атанды.

Мерхат Тұяқов джиу-джитсу күресімен айналысып жүргеніне бес жыл болған. Дегенмен осындай әлемдік додада алғаш рет өнер көрсетіп отыр. Ал бұған дейін ол  еркін күрес, қоян-қолтық ұрыс сынды спорт түрлерімен айналысқан.   

Айта кетсек, джиу-джитсу – шығыс халықтарының жекпе-жек спорт  түрлерінің негізін қалаған жапондықтардың дәстүрлі, ұлттық күресі. Джиу-джитсудың ерекшелігі шабуыл жасаған қарсыласына қара күш қолданбай, шабуылшының бағытын өзгертуге, тепе-теңдік қалпынан айыруға содан кейін әдіс қолдануға немесе соғуға болатындығында. Соңғы жылдары осы спорт түрімен айналсып жүрген әскерилердің саны артқан.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19