Әлем кубогы: Әсем Орынбай алтын медаль иегері атанды

Ол – Қазақстан Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті – Орталық спорт клубының практикалық және стендтік ату командасы бөлімшесінің сержанты

Қатар елінің астанасы Дохада өтіп жатқан нысана көздеуден Әлем кубогында отандасымыз Әсем Орынбай барлық қарсыласынан басым түсіп, алтыннан алқа тақты. Бұл туралы Sarbaz.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық құрама спортшысы стенд атудың скит бағдарламасының финалында 51 ұпай жинап, тұғырдың ең биік сатысына көтерілді. Күміс жүлдені 50 ұпай алған италиялық мерген Кьяра Ди Марциантонио иеленсе, қола медаль Дания Джо Вицциге (АҚШ) бұйырды. Тағы бір айта кетерлігі, дәл осы бағдарламада бақ сынаған 3 дүркін Олимпиада чемпионы Кимберли Роуд (АҚШ) жүлдеге бір табан жетпей тоқтады.

«Әсем Орынбайды Әлем кубогі жарысындағы жеңісімен шын жүректен құттықтаймын. Биыл Әсем үшін өте табысты маусым болды. Мәселен, ол Қытайдағы Азия ойындарында екі алтын, бір қола медаль жеңіп алса, міне арада көп уақыт өтпей Әлем кубогінде қарсылас шақ келтірмеді. Бұл – тамаша көрсеткіш. Отандасымыз алдағы байрақты бәсекелерде де жанкүйерлерін қуантып, үздіктер қатарынан көрінетініне сенімдімін. Нысана көздеудегі бұл жеңіс осы спорт түрімен айналысатын жастарды биік белестерді бағындыруға ынталандырады», - деді Ермек Маржықпаев.

Халықаралық нысана көздеу федерациясы (ISSF) мұндай финалды араға 4 жыл салып ұйымдастырып отыр. Бәсекеде 42 елден келген 179 үздік мерген бақ сынап жатыр. Қазақ мергені қазір ISSF рейтингінде 7-орында келе жатыр.

Айта кетейік, Әсем Орынбай – Қазақстан Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті – Орталық спорт клубының практикалық және стендтік ату командасы бөлімшесінің сержанты.

Спортшы биыл Азия ойындарында стенд атудан командалық сайыста алтын жеңіп алса, жекелей жарыста қола жүлдегер атанды.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02