Армия спортшылары қазақ күресінен өткен ел чемпионатында 9 медаль жеңіп алды

Жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құрама құрылды

Админ

Ақтауда қазақ күресінен өткен Қазақстан чемпионатында Орталық спорт клубының спортшылары төрт алтын, бір күміс және төрт қола медаль алды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

500-ге жуық балуан қатысқан жарыста ерлер 55 келі мен 100 келіден артық салмақ дәрежесінде белдессе, әйелдер 48 келі мен 77 келіден артық салмақ дәрежесінде бақ сынасты.

Армия спортшылары жақсы нәтиже көрсетті. Тартысты өткен соңғы кездесуде төрт спортшымыз сенімді жеңіске жетті. Енді біздің балуандарымыз қазақ күресі бойынша Әлем, Азия чемпионаттарына және Көшпенділердің дүниежүзілік ойындарына дайындықты күшейтеді, – деді Орталық спорт клубының қазақ күресінен команда бастығы Асан Мәмбетқұлов.

Жарыс қорытындысы сәйкес әскери қызметші аға лейтенант Марат Байқамұров, Қарулы күштердің қызметкерлері Бекжан Төлепов, Жұмажан Қожамбеков және Ерсұлтан Мұзаппаровтар ОСК қоржынына алтын салды. Спорт ротасының сарбазы Ернұр Сүлеймен күміс медаль иеленді. Қола медальмен аға лейтенант Зәмзагүл Файзолланова, сарбаз Рауан Алтынбек, Қарулы күштердің қызметкерлері Абылай Бейсен мен Бибарыс Әбдіғани марапатталды.

Жарыс қорытындысы бойынша 2024-2025 жылдарға арналған ұлттық құрама құрылатынын атап өткен жөн.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02