Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF нұсқалары бойынша Әлем чемпионы атанды

Админ

АҚШ-та қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен германиялық Винченцо Гуалтьеридің жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Бүкіл жекпе-жек бойы басымдық көрсеткен Жәнібек қарсыласын 6-раундта нокаутпен жеңді.

Отандасымыз өзінің WBO белбеуіне IBF белбеуін қосты. Осылайша ол екі нұсқа бойынша әлем чемпионы атанды.

Бұл - біздің бокс, бұл - қазақ стилі. Біз оны тарихқа қалдырғымыз келеді. Біз басынан бастап осындай тактиканы таңдадық. Оның бокстаспайтынын білдік. Осы екі белбеуге тағы төрт титулды қосқымыз келеді. Егер Top Rаnk ұйымдастырып берсе, мен дайынмын, - деді боксшы жекпе-жектен кейін.

Сондай-ақ спортшыны жарқын жеңісімен Мемлекет басшысы да құттықтады.

Жәнібек қазақ бокс мектебінің жоғары деңгейі мен мықтылығын әлемге тағы да паш етті. Бұл жеңіс бокспен айналысатын жастарды биік белестерді бағындыруға ынталандырады. Сізге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Жеңістен жеңіске жете беріңіз! - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Бұл әлі ешкімге жеңіліп көрмеген Жәнібек Әлімханұлының кәсіби рингтегі 15-жеңісі (оның 10-ы нокаут). 

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19