Қазақстан алғаш рет әлемнің «Орта державалары» тізіміне енді

«Орта державалар» тізіміне негізінен әлемдік саяси және экономикалық аренада маңызды рөл атқаратын Түркия, Израиль және Үндістан сияқты елдер кіреді

Нұрдәулет Кәкіш

«Орта державалар – халықаралық саясаттағы маңызды акторлар» мақалаларының көлемді жинағын шығарған «Ғылым және саясат қоры» неміс орталығының (SWP) дерегі бойынша Қазақстан алғаш рет әлемнің «Орта державалары» тізіміне енді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Әдетте «Орта державалар» – әлемдік саяси және экономикалық аренада маңызды рөл атқаратын мемлекеттер. Түркия, Израиль және Үндістан сияқты елдер кіретін SWP орта державаларының тізіміне Қазақстан биыл алғаш рет қосылды. Бұл туралы SAYASAT.KZ басылымы жинаққа қысқаша шолу жасады.

SWP орталығының Германия үкіметімен және парламентімен әріптестігін ескере отырып, ЕО-ның Орталық Азия елдеріне, атап айтқанда, Қазақстанға ерекше назары ауып отыр.

Қазақстанның сыртқы саясаты

SWP мамандарының пікірінше, Орталық Азия мемлекеттері арасында Қазақстан өзінің сыртқы саясатымен ерекше көзге түседі. Бұл оны аймақтағы негізгі ойыншыға айналдырады.

Атап айтқанда, Қазақстан Батыспен және Қытаймен, әсіресе, шикізат секторында экономикалық қатынастарды біртіндеп дамытуда.

Көршілес Ресей мен Қытайдың ұтымды жағдайының аясында Қазақстанның сыртқы саясатының миссиясы екі өңірлік державаның сыртқы байланыстардың барынша кең спектрі арқылы ықпалын тежеу болып саналады, бұл маневр жасау үшін кеңістікті барынша кеңейтуге мүмкіндік береді.

Мұндай тәсілді сарапшылар одақтар мен серіктестерге прагматикалық көзқарас ретінде сипаттайды. Бірақ сонымен бірге бірлескен аймақтық дамуға деген айқын ұмтылыстың да байқалатынын айтады.

Сарапшылар Қазақстан өз амбициясын ерте кезеңде халықаралық саясатта жүзеге асыра алғанын растайды. Мысалы, Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етті және Сирия қақтығысына делдал болды («Астана процесі»). Еуразияның бірқатар басқа да ықпалды ұйымдарына мүшелігі туралы да айтылады.

Қазақстанның тұрақты дамуы

Серіктестерді әртараптандыру тұрғысынан Қазақстан да айтарлықтай жетістікке жетті. Орталық Азиядағы көршілес нарықтардан айырмашылығы, қазақстандық инвесторлар үшін 1990 жылдары, ең алдымен, мұнайдың бай қорларын барлау үшін ашық болды. Нәтижесінде ЕО Қазақстандағы ең ірі шетелдік инвестор болып саналады.

SWP пікірінше, Украинадағы қақтығыс Қазақстанға әртараптандыру тұрғысынан жаңа серпін берді. Бұған салынып жатқан жаңа көлік бағыттары, жаңартылатын энергия көздері мен қайта өңдеу өнеркәсібі секторына инвестициялар тарту жөніндегі ақпараттық науқан дәлел бола алады.

Сарапшылардың қызығушылығы Қазақстанның әртараптандыруға деген ұмтылысында Қытайдың «Жібек жолына» ғана емес, ЕО-ның «Жаһандық қақпа» стратегиясына да сүйенетіндігінде. Осыған байланысты республика өзінің географиялық және тарихи рөлін «Шығыс пен Батыс арасындағы көпір» деп бекітеді.

Қазақстан энергетикасы

Украина дағдарысы жағдайында Германия мен ЕО-ның бірқатар елдері мұнай мен газдың кейбір көздерінен айырылды.

Мұнай-газ секторының әлеуетті экспорттаушылары қатарында және жаңартылатын энергия көздері саласында Қазақстан аяғын нық сеніммен басып келе жатқан елдің бірі. Германия алдағы жылдары бірқатар елдің ішінде Қазақстанға да нарықтық билік бере алатын сутегі серіктестігінің мүмкіндігін зерттеп жатыр деседі. Мұндай билікті Парсы шығанағы елдерінің мұнай саласындағы ықпалымен байланыстыруға болады.

Бұл үшін Қазақстанға қажетті сәтте өзінің лайықты орнын алу үшін энергетикалық трансформацияға дайын болу өте маңызды екені айтылады.

«SWP мақаласында еуропалықтарға өзгеріс туралы ескертеді. Енді олар бұрын стратегиялық қашықтықта болған елдермен күресуге мәжбүр болады. Дегенмен олармен серіктестік сол кезде де, қазір де экономикалық және саяси жағынан тиімді. Еуропалық Одақ елдерінің ақпараттық күн тәртібінде Қазақстан жаңа экономикалық және саяси әріптес ретінде ғана емес, инвестициялар үшін алаң ретінде де жиі айтылады. Бұл қадам ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шетелдік сапарлары аясында басталды», - деп атап өтті шолу авторлары.

__Последние новости

  • Басты назарда

ӘСКЕРГЕ БЕЙІМДЕЛІП ЖАТЫР

Бүгін, 12:19
Админ
  • Басты назарда

Алғашқы атыс жаттығулары

Кеше, 15:17
  • Басты назарда

Балқаш қаласында батырдың ізі қалған

30/11/2024 - 15:58
  • Басты назарда

Қарағандыда батырлар аллеясы ашылды

30/11/2024 - 10:57
  • Басты назарда

Әскери тәртіп жайы қаралды

29/11/2024 - 10:52
  • Басты назарда

ТӘРБИЕШІ-ОФИЦЕРЛЕР БАСҚОСУЫ

28/11/2024 - 16:47
  • Басты назарда

Командирлік дайындық пысықталды

28/11/2024 - 14:51
  • Басты назарда

Сарбаздар өз тәжірибелерімен бөлісті

28/11/2024 - 11:46
  • Басты назарда

«Балдәурен» орталығына аттанды

28/11/2024 - 10:50
  • Басты назарда

Әскери бөліммен етене танысты

27/11/2024 - 15:44
  • Басты назарда

Біз – Жеңіс жолының жалғаушысымыз!

27/11/2024 - 13:59
  • Басты назарда

Техниканың дайындығы тексерілді

26/11/2024 - 15:53
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

26/11/2024 - 12:24