Қазақстан VS Өзбекстан: әскери қуаты, техникалары, бюджеті

Оңтүстіктегі көршінің армиясы Қазақстаннан ілгері ме?

Нұрдәулет Кәкіш

Өзбекстан Қарулы күштерінің қуаты қандай? Оңтүстіктегі көршінің армиясы қандай қару-жарақпен, техникамен қамтылған? Sarbaz.kz тілшісі екі елдің әскери әлеуеті шолу жасап шықты.

2023 жылы әлемдегі ең мықты армия рейтингі бойынша News & World Report жүргізген зерттеу нәтижесінде 20-орындағы БАӘ-дан бір саты ілгері озған Қазақстан 18-орындағы Өзбекстанға жол беріп, 19-орынға тұрақтады.

Айта кетсек, 87 ел арасындағы бәсекеде АҚШ, Ресей, Қытай әлемдегі ең мықты армиялардың үздік үштігінен көрінсе, Израиль (4-орын), Украина (6-орын), Оңтүстік Корея, Иран, Ұлыбритания, Германия және Түркия үздік ондықты түйіндеді. Беларусь 12-орынға, Әзербайжан 24-орынға ие болды.

Ең әлсіз әскерлер Люксембург, Сингапур және Эстония Қарулы Күштері деп танылды.

Өзбекстан әскері Қазақстаннан несімен алда болуы мүмкін?

Стокгольм халықаралық бейбітшілік мәселелерін зерттеу институтының (SIPRI) мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанның әскери бюджеті Орта Азия елдері арасында ең жоғары көрсеткішке ие. Мәселен, 2022 жылы ол 1,1 млрд АҚШ долларын құрады. Ал Қырғызстан мен Тәжікстанның бұл саладағы бюджеті 149,8 млн және 103,5 млн доллар болған.

Соңғы жылдары Өзбекстанның әскери қажеттіліктерге арналған шығыстары туралы деректер көрсетілмеген. Ал 2018 жылғы көрсеткіштерде Өзбекстан Республикасының әскери бюджеті 1,4 млрд АҚШ долларын құрапты. Бұл сома Қазақстанның сол кездегі бюджетімен салыстырғанда 3,9 пайызға төмен.

Жауынгерлер саны әртүрлі дереккөз бойынша 2023 жылы 60 мыңға жуықтаған Өзбекстан Республикасында әскери қызметтің төрт негізгі түрі бар. Олар: мерзімді әскери қызмет (әскерге 12 ай мерзімге шақырылады); Жұмылдыру шақыру резервіндегі қызмет (әскерге шақырылушы бір айға шақырылады); Келісімшарт бойынша қызмет; Өзбекстан Республикасы Қарулы Күштері резервінің қатарында қызмет ету.

Өзбекстан – Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) мүшесі. Ал 2012 жылдың ортасында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүшелігін тоқтатты. Дегенмен Мәскеумен екіжақты қорғаныс байланысын үзбеген. Негізінен Кеңес дәуіріндегі жабдықтарды пайдаланады. Кеңес Одағынан едәуір авиациялық мүмкіндіктер мұраға қалды, бірақ аралық кезеңдегі минималды жөндеу және жауынгерлік қару-жарақ пен әскери техниканы жаңартуды едәуір қысқартқан. Дейтұрғанмен 2018 жылға дейін ұшақтар мен тікұшақтар сатып алынған. Ұшқыштардың рейдтері төмен, қалған ұшақтар мен тікұшақтардың жұмысына әсер ететін техникалық қызмет көрсетудің кемшіліктері бар деседі.

Ресей көмек көрсетті

Мәскеу мен Ташкент арасындағы ынтымақтастық Өзбекстан тәуелсіздік алғаннан бері жүргізіліп келеді. Өзбекстан Қарулы күштерінің жеке құрылым ретінде қалыптасу кезеңінде Ресей Федерациясы айтарлықтай көмек көрсетті. 2005 жылға дейін БТР-80, Ми-8 тікұшақтары, әртүрлі калибрлі минометтер, оқ-дәрілері бар граната атқыштар, сондай-ақ мергендік қарулар бөлек берілді. Өзбекстанның Қарулы күштеріне оқ-дәрілер мен жарылғыш заттардың үлкен партиялары жеткізілді.

2016 жылдың 29 қарашасында екі елдің әскери ведомстволары әскери-техникалық ынтымақтастықты дамыту туралы шартқа қол қойды, 2017 жылғы сәуірде ол ратификацияланды. Ташкент Мәскеуден мемлекеттік экспорттық несиелерді белсенді түрде ала бастады әрі қару-жарақ сатып алуға қызығушылық танытты. 2017 жылдың тамыз айында жоғары дәрежелі өзбекстандық қауіпсіздік күштерінің делегациясы Иркутск авиация зауытында болып, оның өндірістік қуаттылығымен танысты. Содан кейін өзбек делегациясы Су-30 см-ге ие болғысы келетінін мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, оларға ұшуды жердегі қамтамасыз ету құралдары мен авиациялық зақымдау құралдары, сондай-ақ ұшу және инженерлік-техникалық құрамдарды оқыту және тренажер кешенін жеткізу қарастырылды. 12А6 «Сопка-2» трассалық радиолокациялық кешенін (тоғыз жиынтық сатып алу), «Печора-2М» зениттік-зымырандық кешеніне техникалық қызмет көрсету шеберханасын және бірқатар радиолокациялық станцияларды («Противник-ГЕ», «Гамма-ДЕ» және «Подлет-Е», 31 «Фарах-ВР» жиынтығы), әртүрлі мақсаттағы байланыс жүйелерін жеткізу туралы талқыланды.

2017 жылы Өзбекстанға берілген мемлекеттік экспорттық кредит шеңберінде Ми-35М тікұшақтар партиясын және оларға мүлікті жеткізу жүзеге асырылды.

НАТО әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуы аясында Өзбекстан басшылығы республиканың әскери әлеуетін арттыру туралы шешім қабылдады.

2021 жылы Ресей Өзбекстанға Су-30СМ ұшақтарын, Ми-35М тікұшақтарын, «Бук-М2Э» зениттік зымыран кешендерін, БТР-80 және БТР-82А бронетранспортерлерін жеткізді.

Әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі федералды қызметтің директоры Дмитрий Шугаев Өзбекстанға ұшу техникасын, БТР, зениттік-зымырандық кешендерді жеткізу шамамен 12 млн доллар құрағанын атап өтті.

2022 жылдың 3 қарашасында АҚШ әскери көмек ретінде «Polaris» 50 баггиін табыстады.

Айта кетейік, жуырда Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан қорғаныс саласына қанша қаржы жұмсайтыны хабарланған болатын.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Бүгін, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

Кеше, 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22