2023 жылғы күзгі шақыру науқанының қорытындысы бойынша мерзімді әскери қызметке 19 мың адам түскенін көрсетті
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі соңғы жылдары мерзімді қызметтің бәсін жоғары ету үшін көп жұмыс атқарды. Бұл, әсіресе, бұрынғы Қорғаныс министрлерінің кәсіби келісімшарттық армияға толығымен ауысу идеясын ақпараттық кеңістіктен әрі қорғаныс департаментінің жоспарларынан мүлдем ығыстыруымен ерекшеленеді.
Соңғы бірнеше жылда атқарылған жұмыстар қатарында сарбаздарға арналған несиені кейінге қалдыру және білім беру гранттары сынды бағдарламалар енді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.
Бұл ретте жеңілдіктер уақыт өте келе жетілдіріле түспек. Мәселен, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев мерзімді сарбаздарға мемлекеттік білім беру гранттарын беру туралы бұйрыққа қол қойды. Егер бұрын университеттер гранттарды ерікті негізде берген болса және ол көбінесе оқу ақысын ғана жабатын болса, енді оларға қосымша шәкіртақылар мен жатақханалар бөлінеді.
Алайда барлық жеңілдікке қарамастан бұқаралық ақпарат құралдарында полицияның әскерге шақырылушыларды іздеп, ойын-сауық орындарына жасаған рейдтері туралы ақпарат пайда болды. Мұндай тәжірибе туралы ақпаратты бірнеше компьютерлік клуб әкімшілері растады. Оларлың сөзінше, полиция мен әскери комиссариат қызметкерлері бірнеше күн сайын компьютерлік клубтарға барып, ықтимал әскерге шақырылушыларды бақылайды. Олардың бірі қашып кетсе, енді бірі қашып үлгермейтін көрінеді. Мерзімді қызметтің танымалдығы туралы мәлімдемелерге қарамастан, әскерге шақырылушыларды ұстау үшін ойын-сауық орындарына рейд жүргізу тәжірибесі әлі де жалғасуда.
ҚР ҚК Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары полковник Руслан Омаровтың айтуынша, бұл қалыпты тәжірибе және онда заңға қайшы еш әрекет жоқ. Әскери қызметке шақыру жергілікті атқарушы органдардың мойнына жүктеледі. Олар әскерге шақыру комиссиясына келмеген шақырылушылардың тізімін жасап, оны жергілікті полицияға береді. Полковник армияда сарбаздардың жетіспей жатқанын жоққа шығарды. Омаров рейд кезінде полицияның назарына ілігетін жастардың міндетті түрде әскерге алынбайтынын атап өтті. Оның сөзінше, ондай жастар негізінен жергілікті әскери комиссариаттардың есебіне қойылады.
«Конституцияда әр азаматтың әскерде қызмет ету міндеті жазылған. Қызмет еткісі келмейтін адамдар жоқ», – деп атап өтті Омаров.
Ол сондай-ақ әскерге шақыру науқандарына теріс пікір білдіретіндер Конституциялық жүйенің қарсыластары, өйткені олар күш органдарының беделін түсіреді, деп мәлімдеді.
Sarbaz.kz-ке берген сұхбатында полковник Омаров мерзімді сарбаздарға арналған жаңалықтарды жоғары бағалады. Оның айтуынша, ата-аналар өздері оған қоңырау шалып, балаларын әскерге алуды сұрайды.
«Ата-аналар маған қоңырау шалып: «менің ұлым кейінге қалдыру құқығын алды, бірақ біз оның әскерге барғанын қалаймыз», – дейді. Адамдар әскери салаға жаңашылдық еніп жатқанын байқап жүр. 19-20 жасында балаларының дипломы жоқ болуы мүмкін. Ол әскер сапында болғаннан кейін жоғары оқу орнына түсе алады. Білім алып, болашақта отбасын асырай алады», – деді Омаров.
Әскери қызметті әйгілеу тиімді ме?
Соңғы рет Қазақстан армиясы туралы әлеуметтанулық зерттеулер 2013 жылы министр Жақсыбековтің тұсында жүргізілді. Зерттеу көрсеткендей, сауалнамаға қатысқандардың 57 пайызы қазақстандық армияны қанағаттанарлықсыз деп бағалады.
Сонымен қатар сауалнамаға қатысқандардың арасында Жалпыға бірдей әскери қызмет туралы пікірлер қаққа жарылды. Үштен бірінен азы армиядағы қызметті әр азаматтың міндеті деп санайды. Көпшілігі (45,8%) армиядағы қызмет ерікті болуы керек деп санайды (келісімшарт бойынша). Сондай-ақ респонденттердің едәуір бөлігі баламалы қызметті енгізуді қолдайды, әрбір төртіншісі бұл шараны қолдады.
Респонденттердің пікірінше, жастардың әскерде қызмет етуге деген ұмтылысы олардың отбасыларының материалдық жағдайына байланысты. Сауалнамаға қатысқан бес адамның екеуі негізінен аз қамтылған отбасылардың жастары әскерде қызмет еткісі келеді деп санайды. Сауалнамаға қатысушылардың тек 16 пайызы жұмысқа қабылданғандардың әл-ауқат деңгейі олардың ел алдындағы азаматтық борышын өтеуге деген ұмтылысына әсер етпейді деп санайды. Респонденттердің 40 пайыздан астамы жастардың әскерде қызмет еткісі келмейтініне сенімді.
Sarbaz.kz орта мектептердің бірінің жоғары сынып оқушылары арасында мерзімді қызметті әйгілеу жөнінде сауалнама жүргізді.
«Егер оқуға түсу мүмкін болмаса, онда әскерге бруға тура келеді», – деді жасөспірімдердің бірі.
Бір қызығы, мектеп оқушыларының шамамен үштен бірі мерзімді қызметке немқұрайлы қарайды. Сонымен қатар жауап берушілердің кейбір бөлігінің армияға деген көзқарасы теріс.
«Қызмет өзінің беделін жоғалтты. Армиядағы жағдайлар көп нәрсені жақсартуды қажет етеді. Маған армиядағы тамақтану туралы айтты», – деп жауап берді мектеп оқушыларының бірі.
Сонымен қатар жасөспірімдердің көбісі әскерде қызмет еткісі келмейтін болып шықты.
«Мен уақытымды босқа өткізгім келмейді», – деді мектеп оқушыларының бірі.
«Мен барар едім, бірақ олар маған тіпті атуға рұқсат етілмейтінін айтты», – деді тағы бір жасөспірім.
Жасөспірімдердің ойында армия туралы дәмсіз тамақ, уақытты ысырап ету және әлімжеттік түсінігі қалыптасқан.
Әскерге шақырылушының армиямен алғашқы байланысы орта мектепте алғашқы әскери дайындық сабақтарында басталады. АӘД сабақтарынан басқа, 2010 жылдардың ортасында әр мектепте «Жас сарбаз» әскери-патриоттық үйірмелері енгізілді.
АӘД сабақтары оқушыларды әскери істің негіздерін саналарына құйып, ал «Жас сарбаз» әскери саланы әйгілеп дәріптеуі тиіс болған. Алайда елордалық мектептердің бірінің жоғары сынып оқушыларының сауалнамасы көрсеткендей, сабақтар нашар оқытылады.
«Біз сабақта тек конспектілер жазамыз. Конспекттен кейін бізде сабақтың соңына дейін 10 минут қалады, содан кейін ғана автоматты бөлшектеуге рұқсат етіледі. Егер өзіміз қаласақ, сабақтан кейін бөлшектеуге келуге болатынын айтады», – деп бөлісті жасөспірімдердің бірі.
Сауалнамаға қатысқан жоғары сынып оқушыларының мектебінде «Жас Сарбаз» бөлімшесі де бар, бірақ олардың айтуынша, оларды өткен уақытпен есептеп, формасын таратып, сонымен аяқталған.
АӘД пәні оқытушысының өзі атап өткендей, оқушылар арасында әскерде қызмет еткісі келетіндер өте аз, ал әскери жоғары оқу орындарына түскісі келетіндер одан да аз.