«Мұнарадан түрме алақандағыдай көрінеді»: қатардағы жауынгердің ата-анасына жазған хаты

Сарбаз: «тыйым  салынған  заттарды  түзеу мекемесіне лақтыратын  күдіктілер де кездеседі»

Нұрдәулет Кәкіш

Sarbaz.kz «Шығыс» әскери қолбасшылығына қарасты 6699 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Әлихан Жолайдың ата-анасына жазған хатын оқырман назарына ұсынады.

Фото: Ұлттық ұлан баспасөз қызметі

Қымбатты да әзіз ана  амансыздар ма? Қалдарыңыз қалай? Бәрі жақсы ма?  Қаскелеңде не өзгеріс?   Менің  Алматым  күндегідей құлпырып жайнап тұрған шығар? Өткенде  жер  сілкінісінен  хабардар  болдым. Абырой болғанда, зардабы  ешкімге тимепті, бәрі ойдағыдай аяқталғаны шығыста жүрсе де бір бүйрегі  Алматыға бұрып тұратын мен үшін де зор қуаныш болды. Әскерге дейін спортпен машықтанғаным  жауынгерлік қызмет барысында өз септігін тигізуде.  Әсіресе,  Шемонайхадағы түзеу мекемесін  бақылауға алуда епті де  білекті жігіттер қажет. Қарауыл басшысы қаз қатар тізілген Ұлттық ұлан  сарбаздарын бақылап, аз-кем  сауалнама алған соң, алдымен мені таңдады.  Мен қазіргі уақытта  теміртордың  ар жағына тоғытылғандарды күзетемін.  Қолыма қару алып, мұнара басына шығып, өзіме берілген тиісті аймақты бақылаймын.  Бұл аймаққа  түрме іші мен сырты да қарайды.  Әсіресе, жауынгерлік қызметті  орындау   барысында  тыйым  салынған  заттарды  түзеу мекемесіне лақтыратын  күдіктілерде ұшырасуы  мүмкін. Сондықтан әрқашан  қырағы  болу қажет.  Жасыратыны жоқ, алғашқы  уақытта түн ішінде маужырап, ұйқы қысатын. Дегенмен қызметте белсенділік танытып, алдыңғы санаттан көріну – менің мақсатым. Өйткені  сіздердің маған артқан сенімдеріңізді кез келген жерде   ақтаймын. Мұнара басынан түзеу мекемесі алақандағыдай көрінеді. Әкемнің  қалы қалай? Таксиші болудың машақаты көп. Сан түрлі адамдар отырып, мазасын алып, жалған жала да жабуы әбден мүмкін. Барынша сақ және абай болыңыздар. Ертең, Отан алдындағы борышымды өткерген соң,  беделді қызметке кіріп, әкеме су жаңа шетелдік көлік алып бергім келеді. Алдағы уақытта ешкімге қызмет көрсетпей, Алматыда әкем екеулеріңіздің  емін-еркін демалғандарыңызды қалаймын. Иә, сыртта жүріп жүздеген жоспар құрып қойдым.  Бұйырса, іске асыру ғана қалды. Есен-сау тұрыңыздар!

Әлихан Жолай, 6699 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері

 

 

 

__Последние новости

  • Басты назарда

«Жеңіс тарихы» атты іс-шара

03/04/2025 - 13:09
  • Басты назарда

Сарбаз, әскери антқа адал бол!

02/04/2025 - 15:43
  • Басты назарда

Жеңіс шеруіне дайындық

02/04/2025 - 09:07
  • Басты назарда

Ағаш өңдеу кәсібін игеріп шығады

01/04/2025 - 15:42
  • Басты назарда

Жаңару күндері табиғат та жаңғырды

31/03/2025 - 12:36
  • Басты назарда

Ұлыстың ұлы күні ұлықталды

30/03/2025 - 16:38
  • Басты назарда

Күн мен түннің теңелуін тойлады

30/03/2025 - 12:34
  • Басты назарда

«Әке көрген оқ жонар»

27/03/2025 - 10:14
  • Басты назарда

ҚАРТТАР ҮЙІНДЕГІ ҚАЙЫРЫМДЫ ШАРА

26/03/2025 - 10:14
  • Басты назарда

Меморандумға қол қойылды

25/03/2025 - 11:09
  • Басты назарда

«Отанды қорғау – қасиетті борыш»

24/03/2025 - 14:06
  • Басты назарда

ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ ШАҢЫРАҚ

24/03/2025 - 10:03
  • Басты назарда

ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДЫ ҰЛЫҚТАУ

23/03/2025 - 15:55