«Адам өлтірген жоқпын»: қазақстандық бітімгер Ливандағы миссия туралы айтты

27943 әскери бөлімі барлау ротасының бөлімше командирі, сержант Санат Қазбеков 2022-2023 жылдары Ливандағы жағдай қаншалықты қауіп төндіргенін айтты

Нұрдәулет Кәкіш

2022-2023 жылдары Израиль мен Ливан арасындағы қақтығыста БҰҰ миссиясын орындауға барған қазақстандық бітімгерлерге қаншалықты қауіп төнді? Бұл сұраққа 27943 әскери бөлімі барлау ротасының бөлімше командирі, сержант Санат Қазбеков жауап берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

2022 жылдың 20 қазанынан 2023 жылдың 12 мамырына дейін «БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері» миссиясын орындаған қазақстандық бітімгерлер жергілікті жерді патрульдеуге, бақылау бекеттеріндегі тексеріс жұмыстарына, блок-бекеттерді ұйымдастыру мен миссияның басқа да іс-шараларына қатысқан болатын.

«Бітімгерлік миссияда әскерилер күнделікті қақтығыстың бел ортасында, қанды қырғынның арасында жүреді деген қате түсінік бар. Бітімгершінің міндеті – бақылау жұмыстарын жүргізу. Біз де Ливанда болғанымызда бақылау бекеттерінде, жалпы шиеленістің өршуіне жол бермеу және бақыланатын аймақта бейбітшілік пен тәртіпті сақтау бағытында қызмет еттік. Жоғары жауынгерлік дайындықтан өткенімізді дәлелдеуге тырыстық. Отанымыздың ғана емес, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің сапында жүрген әрбір әскери қызметші патриотизм мен әскери қызметті жоғары деңгейде ұйымдастыруды жетік меңгергенін және жауынгерлік әзірліктің жоғары үлгісін көрсетуге күш-жігерімізді салдық», - деді Санат Қазбеков.

Сонымен қатар ол бітімгерлік миссияға баратындар қатарынан табылу үшін әскери қызметшінің бойында қандай қасиеттер болуы керектігін тілге тиек етті.

«Миссияға баратындардың қатарына қосылу үшін физикалық, моральдық және психикалық жағынан мықты болу керек. Бізге ағылшын немесе араб тілдерін білу керек деген талап қойылды. Миссияға аттанар алдында ағылшын тілінің курсы өткізілді. Соның нәтижесінде шет тілін біраз меңгеріп алдық. Ливандағы миссия кезінде 6 ай бойы жағдайы жасалған контейнерлерде тұрдық. Ол жақта біз үшін өте қауіпті болды деп айта алмаймын. Онда жүргенде адам өлтірген кезім де болған жоқ», - деді сержант Қазбеков Sarbaz.kz тілшісіне.

__Последние новости

  • Басты назарда

Шеберлік атыс даласында шыңдалады

22/09/2024 - 12:42
  • Басты назарда

Оқу-әскери жиыны басталды

22/09/2024 - 12:41
  • Басты назарда

Ашық есік күні

22/09/2024 - 12:40
  • Басты назарда

Әскерге шақыру жайы әңгімеленді

22/09/2024 - 12:39
  • Басты назарда

Астаналық жастар әскерге аттанды

22/09/2024 - 12:38
  • Басты назарда

Сән-салтанаты жарасқан шара

22/09/2024 - 12:37
  • Басты назарда

Атаулы күн атап өтілді

22/09/2024 - 12:35
  • Басты назарда

«Шексіз бауырластық-III» оқу-жаттығуы

22/09/2024 - 12:29
  • Басты назарда

Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Абай гарнизонындағы отбасы апталығы

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Мамандармен өткен кездесу

17/09/2024 - 21:22
  • Басты назарда

ҮЙДЕ ДЕ, ТҮЗДЕ ДЕ БІРГЕ

17/09/2024 - 21:22