Таяу Шығысқа аттанатын бітімгерлер арасында 7 әскери әйел бар

Голан шыңдарына 139 қазақстандық бітімгер жіберіледі

Ануар Маратов

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Қазақстанның тұңғыш дербес бітімгершілік контингентіне неше әскери қызметкер жұмылдырылатынын мәлім етті. Парламент отырысынан кейін Халықарлық ынтымақтастық департаменті бастығы подполковник Азамат Сисатов осыған қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Айта кетейік, UNDOF миссиясының аясында 1 рота – 139 қазақстандық бітімгер, олардың ішінде 7 әйел Сириядағы Голан шыңдарына жіберіледі. Бұл бітімгерлік миссияның басты ерекшелігі – Қазақстан алғаш рет өз бітімгерлерін біздің туымыздың астында жібереді. Бұған дейін қазақстандық бітімгерлер шетелдік контингенттердің қатарында қызмет еткен болатын. 

Азамат Сисатовтың айтуынша Голан шыңдары қазақстандық бітімгерлер үшін қауіпсіз.

«2018 жылы қазақстандық бітімгерлік ротасы – 120 адам, Үндістан контингентінің қатарында қызмет еткен болатын. Енді тарихымызда алғаш рет, 139 адамды өзіміз аттандырамыз» –  деді подполковник Азамат Сисатов. 

Ол сөзін жалғай отырып, бітімгерлік миссиясындағы тәуекелдерге қатысты сұраққа жауап берді:

«Ондай мәселелерді болдырмауға тырысамыз. Біздің әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығы бірінші орында болады. Егер, оқыс оқиға болған жағдайда барлық өтім Қазақстан Республикасының заңнамасының шеңберінде болады, яғни Қорғаныс министірлігі тарапынан және мемлекет тарапынан барлық көмек болады», – деп атап өтті Сисатов. 

Қазақстан БҰҰ-ның басқа миссияларына бітімгерлерін жіберуі мүмкін:

«БҰҰ бітімгершілік шарттарының орындалуын бақылау органы» (UNTSO, Палестина – Израиль). «БҰҰ-ның Оңтүстік Судан Республикасындағы миссиясы» (UNMISS, Оңтүстік Судан). «БҰҰ-ның Абьядағы уақытша қауіпсіздік күштері» (UNISFA, Судан).

БҰҰ миссиясын түсіндіру кезінде контингентті орналастыру аймағының картасы көрсетілді:

Қазақстандық контингент миссиясының штабы Фауар лагерінде орналасады. Голан биіктігіндегі буферлік зонаның ені 10 км-ден 200 метрге дейін құрайды. Қазақстандық рота миссиясының басшысы – непалдық генерал Тхапаның резервінде болады. Рота 15 брондалған автокөлікпен, 6 жоғары өткішті автомобильмен, 4 КАМАЗ жүк көлігімен және 1 микроавтобусбен жабдықталған. Рота міндеті – аумақты патрульдеу, коменданттық қызметті атқару.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Бүгін, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

Кеше, 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22