ҰҚШҰ-ның тұрақты кеңесіне Марат Сыздықов жетекшілік етеді

Ол 2022 жылдан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Марат Сыздықов ҰҚШҰ тұрақты кеңесіне жетекшілік етеді. Бұл туралы ҰҚШҰ Тұрақты кеңесінің отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Sarbaz.kz ұйымның ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.

«Ұйымға төрағалық етудің Беларусь Республикасынан Қазақстан Республикасына өтуіне байланысты ҰҚШҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Марат Зеникенұлы Сыздықов төрағаның лауазымын иеленді», - делінген хабарламада.

Марат Сыздықов 1966 жылы 27 сәуірде Ақмола облысы Щучинск қаласында дүниеге келген.

Білімі: 1991 жылы С.Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтын,

2006 жылы Ресей СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген.

Қызметі:

1991-1992 – Целиноград қаласындағы №7 орта мектебінің тарих мұғалімі. 1992-1998 – С.Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтының Жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасының оқытушысы. 1998-1999 – ҚР Президенті Әкімшілігінің Талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының сарапшысы. 1999-2002 – ҚР Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік кеңесінің сарапшысы, Талдау орталығының сектор меңгерушісі. 2002-2010 – Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі. 2010-2014 – ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары. 2014-2019 – ҚР Ресейдегі Елшілігінің Кеңесші-уәкілі. 2019-2022 жылдары Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары. 2022 жылдан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі.

__Последние новости

  • Басты назарда

Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!

02/07/2025 - 13:25
Админ
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 12:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

110 студент ант қабылдады

02/07/2025 - 11:54
  • Басты назарда

«Айбын-2025» жиыны басталды

25/06/2025 - 11:02
  • Басты назарда

АЙБЫН-2025» ЖИЫНЫНА БІРІНШІ БОП ЖЕТТІ

21/06/2025 - 09:33
  • Басты назарда

15 сарбаз ант қабылдады

20/06/2025 - 10:41
  • Басты назарда

АСПАН ӘЛЕМІНІҢ ТАРЛАНДАРЫ

19/06/2025 - 10:02