Қаныш Әубәкіров Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Тиісті бұйрықты Ақорда жариялады

Админ

Мемлекет басшысының Өкімімен Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Sarbaz.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаныш Әбубәкіров – Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери академиясының (1998), Ұлттық қорғаныс университетінің (2005, 2015) түлегі.

Бұған дейін ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері Бас штабының бастығы – бас қолбасшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған. Әр жылдары «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, Құрлық әскерлерінің Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы және басқа да қызметтерді атқарды.

ІІ дәрежелі «Айбын», ІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерімен, «Жауындық ерігі үшін» медалімен марапатталған.

__Последние новости