Ақтүтек боран: Жамбыл облысында әскери қызметшілер 200-ден астам адамды құтқарып қалды

14 бірлік әскери техника жұмылдырылды

Жамбыл облысының Шу, Қордай аудандарында орын алған төтенше жағдай салдарын жою жөніндегі жедел штабқа «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығынан жедел топ бөлінді. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өткен түнде Гвардейск гарнизоны әскери бөлімдерінің күш-құралдарымен ауа райының қолайсыздығына байланысты автокөлік жолдарынан Кенен елді мекеніне 150-ден астам, ал Қайнар кентіне 80-нен астам адам эвакуацияланды. Әскери қызметшілер түні бойы көліктері қар құрсауында қалған адамдарға көмек көрсетті.

Зардап шеккендерді іздеу мен эвакуациялау үшін 14 бірлік әскери техника, оның ішінде көп мақсатты тягачтар мен өтімділігі жоғары көліктер тартылған.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және адамдарға көмек көрсету мақсатымен Гвардейск гарнизоны әскери бөлімдері жеке құрамының күшімен санитарлық бекет пен жылыту пункттері ашылды.

Жедел штабтың шешімі бойынша «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасынан төтенше жағдай кезінде зардап шеккендерді іздеу мен эвакуациялауды ұйымдастыру үшін қажетті көлік құралдары мен жеке құрам бөлінеді.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19