«Әскердегі әр күнім сені ойлаумен өтіп жатыр»: сарбаздың сүйіктісіне жазған хаты

«Құдай қаласа, әскерден келген соң құда түсеміз бе деп отырмыз...»

Нұрдәулет Кәкіш

Sarbaz.kz оқырман назарына «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 5518 әскери бөлімінің 1 ротасының қатардағы жауынгері Ерасыл Исмайылдың сүйктісіне жазған хатын ұсынады.

Сымбат, бұл хатым саған арналады!

Сәлем, қалың қалай? Менде бәрі жақсы. Әскердегі әр күнім, әр сағатым сені ойлаумен өтіп жатыр. Жаным, сенімен өткізген әрбір күнімді сағындым. Айлы түн астында екеуіміз бір-бірімізге қарап, «біз мәңгі бірге боламыз» деп айтқан сөзің әлі жүрегімде сақтаулы тұр, жаным. Міне, жаным, бұйырса саған жетуіме алты ай қалды. Шыдашы, жаным, бұл өмір шыдамдылықты ұнатады.

Сымбат, сен туралы әке-шешеме айтып едім қуанып қалды. Құдай қаласа, әскерден келген соң құда түсеміз бе деп отырмыз. Сен де асыға дайын бол. Үйдегілерің аман ба? Әкең, анаң жақсы ма? Сіңлің қалай? Үлкен қыз болған шығар? Аман болсын. Сәлем деп қой менің атымнан. Өзіңе абай бол, жаным. Ауырма, ботам! Сені сағындым. Қатты сүйдім бетіңнен, аман бол! 

Сәлеммен, Исмаил Ерасыл Ерланұлы!

Айта кетейік, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 6699 әскери бөлімі 1-атқыштар ротасы 1-взвод 3-бөлімше сарбазы (атқыш) қатардағы жауынгер Оканов Рыздық Оразбекұлының сүйіктісіне жазған хаты жарияланған болатын.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 12:31
Админ
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 12:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 12:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

110 студент ант қабылдады

02/07/2025 - 11:54
  • Басты назарда

«Айбын-2025» жиыны басталды

25/06/2025 - 11:02