«Жауынгерлік даярлығы жоғары»: рота командирі әскер сапындағы танымал футболшы туралы

«Жетісу» клубының қақпашысы  Глеб Малиновский Ұлттық ұлан сапында Отан алдындағы борышын өтеп жүр

Нұрдәулет Кәкіш

Командир Ұлттық ұлан сапында Отан алдындағы борышын өтеп жүрген танымал футболшы, «Жетісу» клубының қақпашысы Глеб Малиновскийдің жауынгерлік даярлығы жоғары екенін айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Глеб Малиновский есімі  футболсүйер қауымға етене таныс. «Жетісу»   клубының  қақпашысы  ерекше  ойын  өрнегімен біршама жанкүйердің ыстық ықыласына бөленген. Отан алдындағы борышын  өтеуге шақырту  алған   спортшы клубпен арадағы келісімшартын уақытша тоқтатып,  Ұлттық ұлан қатарына қосылды. Жетісу облысы Қарабұлақ ауылының туып-өскен.

Ала доптың  аламанына алты жасынан  ат ізін салған  ұландық алғашында  шабуылшы  шебінде ойнаған.  «Жетісу»  футбол клубының  жаспөспірімдер  тобындағы  доп  додасының  бірінде  қақпашы  жарақат алып,  орынын Глебқа тапсырады.  Қақпаға бағытталған толассыз  соққыларға тойтарыс берген жас өрен бұдан кейін  клубтың негізгі қақпашысына айналады.

«Ойынның елу пайызы қақпашыға байланысты. Сондықтан маған артылған  жауапкершілік те  жоғары. Бірінші лигада ойын көрсеткен  жетісулық  клуб   2021  жылы   турнир   кестесінде  бірінші   орынға  ие болып, премьер  лигаға  жолдама алды.  Мұндай  мерейлі күнге жету жолында   қосқан  титтей де  үлесім үшін өзімді  бақытты  санаймын. Сондай-ақ  Ұлттық құраманың жиырма  бір жасқа дейінгі   ойыншылар   арасындағы  жиындарға  біраз  мәрте шақырылдым», - деді қатардағы жауынгер Глеб Малиновский.

Павлодар қаласындағы әскери бөлім жауынгерлік даярлықтан бөлек,  спорттық іс-шараларды жиі ұйымдастырады. Бұл, әсіресе, Глеб үшін  таптырмас  бағалы  шақ  болып саналады.

«Павлодар гарнизонында ұйымдастырылған футболдан өткен турнирлерде  қатардағы жауынгер кәсібилігімен көзге түсті.  Сондай-ақ Глебтің жауынгерлік даярлығы да жоғары деңгейде», - деді рота командирі, капитан Нұржігіт Алпысбаев.

Порту  клубының ойыншысы Икер Касильясты  үлгі тұтатын сарбаз   әскер сапында да  қажетті  жаттығуларын жасап жүр.  Ол  мерзімді әскери қызметін өткергеннен кейін клубына қайта оралып, теңбіл доптың теңдесіз шеберіне айналуды мақсат тұтады.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22