Қазақстан генералы 91 елдің өкілі алдында сөз сөйледі

Қорғаныс министрлігінің баядамасын жиналғандар жоғары бағалады

Админ

Қазақстанның қорғаныс ведомствосын Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше елдердің бітімгерлік қызметі мәселелері жөніндегі V министрлік конференциясына Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдиновтың басшылығымен барған делегация қатысты, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Гана Республикасының астанасы Аккра қаласында Қорғаныс және сыртқы саясат ведомстволары басшыларының кездесуі өтті.

БҰҰ Бас хатшысының орынбасарлары Жан-Пьер Лакруа мен Атул Харе төрағалық еткен іс-шараға 91 шет мемлекеттің, одан өзге тоғыз халықаралық және аймақтық ұйымдардың делегациялары қатысты. 

Конференцияда БҰҰ-ның бітімгерлік қызметі аясындағы ағымдағы тәуекелдер мен сын-қатерлер, БҰҰ-ға мүше барлық елдің күш-жігерін шоғырландыру арқылы оларды шешу мүмкіндіктері де талқыланды. 

Қазақстандық тарап жалпы бітімгерліктің маңыздылығын атап өтіп, конференцияға қатысушыларды Қазақстанның бітімгерлік қызметінің қазіргі жағдайы мен даму көкжиегінен хабардар етті. Қорғаныс ведомствосы өкілінің баяндамасын конференцияға қатысушылар жоғары бағалады.

ҚР Қорғаныс министрлігінің делегациясы министрлік конференциясы аясында әріптес елдердің өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізіп, өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.

__Последние новости

  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03
Админ
  • Басты назарда

Запасқа шықты сарбаздар

05/05/2025 - 18:22
  • Басты назарда

Жас сарбаздар қатары

05/05/2025 - 14:19
  • Басты назарда

Далалық лагердегі дайындық

01/05/2025 - 13:57
  • Басты назарда

Жеңіс мерекесіне арналған турнир

30/04/2025 - 11:54
  • Басты назарда

Сөнбейді әке, шырағың!

30/04/2025 - 11:51
  • Басты назарда

Жеңіс жолын жалғастырушы

28/04/2025 - 13:50
  • Басты назарда

Ұлы Жеңіске арнау

28/04/2025 - 11:53
  • Басты назарда

Үстел ойынының жеңімпазы

28/04/2025 - 10:48
  • Басты назарда

Ұлық мерекеге арналды

27/04/2025 - 15:42
  • Басты назарда

Мен атаммен мақтанамын!

27/04/2025 - 11:52