Астанада әскери қызметші жанып жатқан көліктен адамды аман алып шықты

Оқиға 2023 жылдың 3 желтоқсанында кешкі уақытта болған

Астанада Қарулы күштердің әскери қызметшiсі жанып жатқан көліктен адамды аман алып шықты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Аға сержант Мейрамбек Ысқақовтың осындай батыл әрекетінің нәтижесінде Астана қаласы Т.Жүргенов атындағы көшеде тұрған көліктің жүргізушісі аман қалды.

2023 жылдың 3 желтоқсанында кешкі уақытта Мейрамбек Ысқақов дүкенге шыққан. Жанып жатқан автокөлікті көрген әскери қызметші оқиға туралы елордадағы Төтенше жағдайлар департаментінің 101 орталығына шұғыл хабарлайды. 

Дереу қимылдаған әскери қызметші жанып жатқан көліктің ішінде адам бар екенін аңғарып, оны қауіпсіз жерге алып шығады.

Бұл уақытта ер адам есінен танып қалған. Алғашқы медициналық көмек көрсеткен Мейрамбек азаматты оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырады. Жүргізуші №1 қалалық ауруханаға жеткізілді. 

Айта кету керек, әскери қызметшінің әрекетіне өтіп бара жатқан азаматтар да атсалысыпты.

Мейрамбектің батыл әрекеті туралы хабарлама көптеген ақпараттық ресурстарға тез арада таралды. Мейрамбек Ысқақов взвод сержанты – 68665 әскери бөлімінің жауынгерлік және дене шынықтыру нұсқаушысы. Жұбайы екеуі Самира және Лунара есімді қыздар тәрбиелеп өсіріп отыр.

Жоғары қолбасшылық әскери қызметшіні марапатқа ұсынды.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30