Ұлттық ұлан сарбазы 7 тіл біледі

Ол мерзімді әскери қызметін өткергеннен кейін әскери бөлімде келісімшарт бойынша қызмет етпек

Ұлттық ұлан сапында әскери борышын өтеп жүрген Бағжан Болатұлы 7 тілді меңгерген. Бұл туралы Sarbaz.kz «Шығыс» Өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ол «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты №6699 әскери бөліміне Алматы қаласынан шақырылған. Қатардағы жауынгер Түркияда білім алған.

«Мен орыс, ағылшын, түрік, әзербайжан, испан, француз, чех тілдерін білемін. «Бір тіл білген – бір адам, екі тіл білген – екі адам»  деген  нақыл сөз бар. Тіл үйрену арқылы сол ұлттың мәдениеті және дәстүрімен танысуға болады. Менің полиглот болуыма Еуропада білім алуым әсер етті. Себебі мен араласқан адам көп тілді білді», - деді Бағжан Болатұлы.

Ол мерзімді әскери қызметін өткергеннен кейін әскери бөлімде келісімшарт бойынша қызмет етпек. Қатардағы жауынгер әскери салада жүріп те шет тілін меңгеруге болады деген пікірде.

«Алдағы уақытта жапон, парсы тілдерін үйренсем деймін. Жеке қойын дәптерім бар. Он тілден артық тіл білгім келеді. Жүйелі жоспар құрдым», - деді жауынгер.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19