Биыл Қазақстанның Қарулы күштері қандай қару-жарақ түрлерін сатып алды

Әуе қорғаныс күштері «Әскери авиацияның дамуы» тақырыбына баспасөз конференциясын өткізді

Ануар Маратов

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов 2023 жылы әуе күштері қандай жаңа техника түрлерімен толыққанын айта келе келер жылға жоспарлар туралы мәлімдеді. Бұл туралы ол ҚР Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

2023 жылы Қазақстан Республикасының Әуе қорғаныс күштері С-295 жеңіл әскери-көлік ұшағымен; Ми-35 және Ми-171Ш тікұшақтарымен толықтырылды. Желтоқсан айында Әуе қорғаныс күштері ТОР-М2 зениттік зымыран кешенінің батареясымен толықтырылады.

Ал 2024 жылдың басында жаңа Су-30СМ жойғыш ұшақтарының 6 данасы, ТОР-М2К  зениттік зымыран кешені және Airbus A-400M Atlas әскери-көлік ұшағы жеткізіледі.

Генерал-майор Дәурен Қосанов биыл ұшқыштардың жалпы ұшқан уақыты 15 пайызға артқанын атап өтті.

Сонымен қатар, 2023 жылы техникаға қызмет көрсету бойынша инженерлік-техникалық құрамның дағдыларын жетілдіру бойынша үлкен жұмыс жүргізілгендігі туралы айтты.

«Соңғы он жылдағы қарулы қақтығыстарға мән берсек, ұшқышсыз ұшу аппараттарының рөлі артып келе жатқанын және соның салдарынан әскери қимылдарды жүргізудің жаңа әдістерін қолданылып жатқанын айқын көрсетеді.

Осыған орай, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ұшқышсыз ұшатын ұшақтар паркін ұлғайту жұмысы жалғасуда. Тамыз айында алғашқы «Anka» шабуылдау ұшқышсыз ұшақтары тәжірибелік қолданысқа кірді. Бұл бағыттағы жұмыс жақын арада да, ұзақ мерзімді қарқындауда да артады. Бүгінгі таңда бізде үлкен болмаса да, тапсырмаларды орындауға қабілетті Wing Loong-1, Anka және барлау Skylark ұшқышсыз ұшатын аппараттар паркі бар», – деді Дәурен Қосанов.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22