Жұмылдыру, жауынгерлік даярлық: Шымкентте әскерилер жылды қорытындылады

Өздерін лайықты деңгейде көрсете білген танк батальоны үздік деп танылды

Шымкент гарнизонына қарасты механикаландырылған бригаданың жеке құрамының қатысуымен 2023 жылды қорытындылау мақсатында ауқымды іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Аталған жиында жұмылдыру жұмысы мен әскерлер қызметі, жауынгерлік даярлық пен оқу-тәрбие үдерісі, әскери тәртіп пен құқықтық тәртіп жағдайы, бөлімнің материалдық-техникалық қамтамасыз етуі мен рота шаруашылығы және сержанттар құрамының қызметі бойынша бөлім командирі орынбасарларының баяндамалары тыңдалды.

Жыл қорытындысы бойынша бөлім құрамындағы батальондар арасында өздерін лайықты деңгейде көрсете білген танк батальоны үздік деп танылды. Оның командирі майор Ержан Сабырбекұлымен бірге танкішілер жауынгерлік даярлықтың көптеген бағыттарында керемет нәтижелерге қол жеткізді.

Жылдық есептер жоспарға сәйкес тыңдалынып болған соң Шымкент гарнизонының бастығы полковник Әмірқожа Айтқожин бригаданың жеке құрамына алда келе жатқан жаңа оқу жылына нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, 2024 жылдың жауынгерлік жаңа ұраны «Айбынды Армия – тәуелсіздік кепілі» екенін атап өтті.

Жиын соңында оқу жылының қорытындысына сәйкес үздік деп танылған бөлімшелер мен әскери қызметшілер мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

Кеше, 21:20
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31