Бүгін – Әскери зейнетақымен қамсыздандыру қызметкері күні

2016 жылдың 1 қаңтарынан бері әскери қызметшілердің барлық санаты толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға ауыстырылды

Кәсіби және атаулы күндер тізіміне сәйкес, 28 қарашада еліміздің Қарулы күштерінде Әскери зейнетақымен қамсыздандыру қызметкері күні атап өтіледі. 23 жыл бұрын Қорғаныс министрінің директивасымен ҚР Қарулы күштерін зейнетақымен қамсыздандыру басқармасы құрылған болатын. Кейін бұл құрылым Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы болып қайта құрылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Орталық мамандары әскери қызметшілердің, әскери зейнеткерлер мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауда үлкен жұмыс атқаруда. Орталық зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманы жақсарту бойынша заң шығару жұмыстарын тұрақты негізде жүргізіп келеді.

Мәселен 2016 жылдың бірінші қаңтарынан бері әскери қызметшілердің барлық санаты толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға ауыстырылды. Ал биыл бірінші шілдеден бастап әскери зейнеткерлер зейнетақы жинақтарының қалдықтарын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе емделуге ақы төлеуге толық көлемде біржолғы пайдалануға құқық алды.

Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғау күшейтілді. 2022 жылғы қаңтардан бастап жұбайына және отбасы мүшелеріне кәмелетке толғанға дейін бір жалақыға дейінгі мөлшерде ай сайынғы төлем белгіленді. Сондай-ақ әскери қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған мертігу салдарынан әскери қызметтен босатылған әскери қызметшілерге ай сайынғы ақшалай төлем де белгіленді.

Бүгінде Қорғаныс министрлігі ақпараттық жүйелерді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен интеграциялаған еліміздегі күштік құрылымдардың ішіндегі жалғыз ведомство. Орталықта еңбек сіңірген жылдарын есептеу, зейнетақы төлемдерін тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату процестері автоматтандырылған.

Бұл жетістіктер орталық мамандарының жоғары кәсібилігінің, олардың мәліметтерді салыстыру және өзектендірудегі қажырлы еңбегінің арқасында мүмкін болып отыр. Бүгінде ұжым қызметтерді проактивті форматқа көшіру міндетімен жұмыс істеуде.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02