Алматы облысында автобусты тоқтатқан жас батыр «Ел қорғаны» медалімен марапатталды

Ол мінген автобуста жүргізушінің жүрек талмасы ұстап, есінен танып қалған

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жас батырды «Ел қорғаны» медалімен марапаттады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Бұл награданы «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер қозғалысының тәрбиеленушісі Ақжол Геройға қорғаныс ведомствосының басшысы атынан Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеев табыс етті. Іс-шараға Десанттық-шабуылдау  әскерлерінің қолбасшылығы мен жеке құрамы, Ақжолдың ата-анасы және «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.

Генерал-полковник Руслан Жақсылықов «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушісі Ақжолға батыл іс-әрекетінің арқасында жол-көлік оқиғасының алдын алғаны үшін ізгі тілектерін жеткізген.

«Сіздердің ұлдарыңыз сындарлы сәтте атына заты сай нағыз батыр екенін дәлелдеді», - делінген Ақжолдың ата-анасына жазылған алғыс хатта. 

22 қарашада Іле ауданы Өтеген батыр кентіндегі №24 лицейдің 8-сынып оқушысы Ақжол Герой 219 бағдарлы автобусқа отырған болатын. Жолай жүргізушінің жүрек талмасы ұстайды. Мұны байқаған Ақжол жүргізуші кабинасына жүгіріп жетіп, тежегішті басып үлгереді. Соның арқасында автобус тұрғын үй қоршауына жарты метр ғана жер жетпей тоқтайды. 

8-сынып оқушысының жедел қимылы ауыр зардаптардан сақтап қалды. Куәгерлердің айтуынша, Ақжол көліктің үймен соқтығысуының алдын алған. Оқушының бұл батыл әрекеті туралы хабарламалар ақпараттық арналар мен әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланып жатыр.

Айта кетейік, өзі оқитын мектепте ержүрек оқушы ноутбукпен марапатталды. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев оған алғыс хат пен соңғы үлгідегі iPhone 15 ұялы телефонын табыс етті.

__Последние новости

  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03
Админ
  • Басты назарда

Запасқа шықты сарбаздар

05/05/2025 - 18:22
  • Басты назарда

Жас сарбаздар қатары

05/05/2025 - 14:19
  • Басты назарда

Далалық лагердегі дайындық

01/05/2025 - 13:57
  • Басты назарда

Жеңіс мерекесіне арналған турнир

30/04/2025 - 11:54
  • Басты назарда

Сөнбейді әке, шырағың!

30/04/2025 - 11:51
  • Басты назарда

Жеңіс жолын жалғастырушы

28/04/2025 - 13:50
  • Басты назарда

Ұлы Жеңіске арнау

28/04/2025 - 11:53
  • Басты назарда

Үстел ойынының жеңімпазы

28/04/2025 - 10:48
  • Басты назарда

Ұлық мерекеге арналды

27/04/2025 - 15:42
  • Басты назарда

Мен атаммен мақтанамын!

27/04/2025 - 11:52