Әуе шебін қорғаушы ардагерлер ұйымына – 50 жыл

Мерекелі атмосфераны институт курсанттарының шығармашылық ұжымы жандандырды

Админ

Осы оқиғаға орай Алматы қаласының әуе шабуылына қарсы қорғаныс ардагерлері қоғамдық ұйымы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында болды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

1973 жылы КСРО-ның 7-ші Әуе шабуылына қорғаныс дивизиясының бөлімшелері мен басқармасында қызмет еткен офицерлер қоғамдық ұйым құрған болатын. Сол тұста ардагерлердің бұл бастамасына дивизия саяси бөлімінің бастығы полковник Виктор Семин қолдау көрсетті.

«Алматы қаласы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қазақстандық ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің мүшелерін Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Нұртас Қабақов құттықтады.

– Құрметті ардагерлеріміз генерал-майор Владимир Петрович Бондаренко, полковниктер Марис Юнусович Раджибаев пен Сергей Александрович Бернадский жастар мен Отан қорғаушыларды әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеуге елеулі үлес қосты. Ардагерлердің баға жетпес тәжірибесі ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту үшін жұмыс істейді, – деп атап өтті генерал-майор Нұртас Қабақов.

Ол сондай-ақ полковниктер Бекболат Иханбаевтың, Дмитрий Куликтің, Игорь Корняковтың, Василий Петровскийдің, Александр Шелегеданың, Михаил Барцовтың, Валерий Сараевтың, подполковник Петр Булановтың және басқалардың да белсенді қызметін атап өтті. Олар үнемі жауынгерлік, тактикалық оқу-жаттығуларға, әскери-теориялық конференцияларға және басқа да іс-шараларға шақырылып отырады. 

Жиналғандар ардагерлерді айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтады. Мерекелі атмосфераны институт курсанттарының шығармашылық ұжымы жандандырды.
 

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02