«Жас бүркіт» әскери-патриоттық қозғалысының 20 жылдығы атап өтілді

Мерейтойға орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды

Админ

Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде «Жас бүркіт» әскери-патриоттық қозғалысының 20 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Оған Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақанов, әскер ардагерлері, Астана гарнизонының жеке құрамы және өзара әрекеттес органның өкілдері арнайы қатысты.

Бастауын 2003 жылы сол кездегі Ішкі әскерлердің әскери бөлімдерінен алған «Жас бүркіт»  әскери-патриоттық қозғалысы 20 жылдық белесті артта қалдырды. Осыған байланысты Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Қайрат Үмбетов баяндама жасады.  

Ұлттық ұланның бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақанов алғашқы болып «Жас бүркіт»  әскери-патриоттық қозғалысы 20 жылдығымен құттықтады. 

- Биылғы 5 мамырда өткен Бүкілармиялық кеңесте Мемлекет басшысы, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақтың әскери-патриоттық рухын көтеруге аса мән беру қажеттілігін ерекше атап өтті. Бұл тапсырманы Ұлттық ұлан әскері белсенді орындап келеді. 20 жылдың ішінде «Жас бүркіт» әскери-патриоттық сыныптары еліміздің барлық өңірлерінде ашылып, қазіргі кезде ауқымды жұмыс атқарып келеді. Бүгінгідей атаулы күнде «Жас бүркіт» әскери-патриоттық қозғалысының нәтижелі жұмыстарын мақтанышпен айта аламыз.  Бүгінгі жастар – ертеңгі Отан қорғаушылар. Еліміз мәңгі болсын десек, жастарымыз нағыз патриот, еңбекқор, өз Отанына шексіз берілген азамат болуы тиіс. Егеменді елдің болашағы өскелең ұрпақтың қолында, - деді генерал-лейтенант Еркін Ботақанов.

Құттықтау сөзден кейін «Жас бүркіт» әскери-патриоттық қозғалысының ең кішкентай мүшесі «Жас бүркіт» әскери-патриоттық қозғалысына көрсетіп жүрген қамқорлығы үшін  Ұлттық ұланның Бас қолбасшысына клубтың атрибутын табыстады.

Жас өрендерді ҚР Парламенті Мәжілісі атынан депутат Максим Рожин, Ұлттық ұлан Ардагерлер кеңесінің төрағасы генерал-майор Қалиақпар Тоқышев, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Раиса Шер, ҚР Қорғаныс министрлігі тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы полковник Тілеухан Басқожаев және 6506 әскери бөлімінің «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубының алғашқы жетекшісі отставкадағы подполковник Арман Ахашов арнайы құттықтады.

Көрермендер алдында 5573 және 6636 әскери бөлімдерінің «Жас бүркіт» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері клубта үйренген әдіс-тәсілдерін, өз өнерлерін көрсетті. Мерекелік жиында «Жас бүркіт» клубының қатарына қосылған жасөспірімдерді салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті.

Сондай-ақ іс-шара Ұлттық ұлан Ән-би Ансамблінің бишілер тобының, ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери патриоттық орталығының Орталық ансамблінің «Жас сарбаз» балалар студиясының өнерпаздарының қатысуымен өткен салтанатты концертке ұласты.

__Последние новости

  • Басты назарда

Оқу-әдістемелік жиын

Бүгін, 10:27
Админ
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

Кеше, 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59