Алматыда панфиловшыларға тиесілі заттар көрмеге қойылды

«Отбасы тарихы – ел тарихы» көрмесі өтті

Отбасы тарихы – ел тарихы. Қазақстан Республикасы Қарулы күштері мемлекеттік әскери-тарихи мұражайының филиалында ашылған Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Иван Васильевич Панфилов пен оның отбасы мүшелеріне арналған көрме осылай аталды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Іс-шараға Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов, Алматы өңірлік гарнизонының қолбасшылығы, әскери жоғары оқу орындарының курсанттары және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.

Іс-шара 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағы Даңқ мемориалындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюдан басталды. Салтанатты митингте Ұлы Отан соғысының, жергілікті ұрыс қимылдары мен Қарулы күштердің ардагерлері сөз сөйледі.

Экспозицияны генерал Панфиловтың немересі, белгілі композитор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері Бақытжан Байқадамовтың қызы ұйымдастырып отыр.

«Отбасы тарихы – ел тарихы» көрмесіне Панфиловтер, Қаралдиндер, Байқадамовтар отбасы мүшелеріне қатысты бірегей фотосуреттер, мұрағаттық құжаттар мен олардың тұтынған жеке заттары қойылған. Экспонаттар патшалық Ресей, революция, азаматтық, бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар, сондай-ақ жаппай саяси қуғын-сүргін кезеңін қамтиды.

Көрмені ұйымдастыруға Кеңес Одағының Батыры, 316-шы атқыштар дивизиясының командирі генерал-майор Иван Васильевич Панфиловтың 130 жылдығы, оның жұбайы Мария Ивановна Панфилованың 120 жылдығы және қызы Валентина Ивановна Панфилованың 100 жылдығы себеп болды.

Панфилов-Байқадамовтар отбасы өмірінің көп бөлігі Алматы қаласымен тығыз байланысты. Дәл осы жерде Мәскеуді қорғауда өшпес ерлік көрсеткен 316-шы атқыштар дивизиясы құрылды.

Бақытжан Байқадамовтың тамаша шығармалары осында жазылды. Ал бүгінде ҚР Қарулы күштері мемлекеттік әскери-тарихи мұражайы филиалының директоры Алуа Байқадамова жас ұрпақтың әскери-патриоттық тәрбиесін дамытуға баға жетпес үлес қосып келеді.

Іс-шара аясында ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы филиалының әртістері Бақытжан Байқадамовтың музыкасына қойылған туындыларды орындады.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22