«Жас сарбаз» қозғалысының қатарына жаңа оқушылар қосылды

Еліміз бойынша барлығы 280 мыңнан астам жасарбазшы тіркелген

Админ

«Жас сарбаз» сыныбына қабылданған оқушылар адал, жауапты әрі тәртіпті болуға, жақсы оқып, мектептің абыройын асқақтатуға салтанатты түрде ант берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Іс-шараға «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері, Қарағанды облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен әкімдігінің өкілдері, Қарулы күштер мен жергілікті қақтығыстардың ардагерлері, сондай-ақ жас патриоттардың мұғалімдері мен ата-аналары қатысты.

Куәлік алғаныма қатты қуанып тұрмын. «Жас сарбаз» қозғалысының қатарына кіру мен үшін маңызды оқиға. Бұл мені әскери адам болсам деген арманыма бір қадам жақындатты, –  дейді Нұркен Әбдіров атындағы жалпы білім беретін мектептің 5-сынып оқушысы Серік Арғынғазы.

14 қарашада «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының құрылғанына бес жыл толды. Бүгінде Қарағанды облысының барлық мектептерінде «Жас сарбаз» мамандандырылған сыныптары ашылған. Онда екі мыңнан астам оқушы оқиды. Ал еліміз бойынша барлығы 280 мыңнан астам жасарбазшы тіркелген.

Онда балалар өздерінің зияткерлік және күш-қуат тұрғысынан дамуына қажетті негізгі және қосымша білім алады.

Бастауыш мектепті бітіргеннен кейін мамандандырылған сыныптарға түсу үшін жақсы оқу үлгерімі, медициналық қорытындымен расталған дене дайындығы және денсаулығының тиісті деңгейі болуы керек.

«Жас сарбаз» қозғалысының негізгі қызметі оқушылардың зияткерлік жағы мен дене бітімін дамытуға, оларды патриотизм рухында тәрбиелеуге, жастарды әскери қызметке дайындауға жәрдемдесуге, елдің әскери-тарихи мұрасын зерделеуге және сақтауға бағытталған.

__Последние новости

  • Басты назарда

Осы күзде әскерге шақырылғандар оқуға кірісті

Бүгін, 10:56
Админ
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Бүгін, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39