Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге ғылыми көзқарас

Құрлық әскерлерінің әскери институтында ғылыми форум өтті

Админ

Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында «Жастар және армия: проблемалар және оларды шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Оған қазақстандық жоғары оқу орындарының курсанттары мен студенттері, жас ғалымдар, таяу және алыс шет елдердің магистранттары, Канада, Корея, Ресей, АҚШ және Франция әскери-дипломатиялық корпусының өкілдері қатысты.

Ғылыми форумға қатысқан Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов патриотизм, әскери қызметті өткеру және әскерге шақыруды ұйымдастыру мәселелерінің өзектілігін атап өтті. Ол сондай-ақ, аталған салада тәжірибе алмасудың және конференцияда әзірленген ұсыныстарды іс жүзінде қолданудың маңыздылығына тоқталды.

Өз кезегінде Құрлық әскерлері әскери институтының бастығы полковник Бауыржан Ибатулин конференцияның халықаралық мәртебеге ие болғанына ризашылығын білдірді.

Өткен жылы конференцияға таяу шет елдердің өкілдері ғана қатысса, биыл оның географиясы едәуір ұлғайып отыр, – деді ол.  –  Әртүрлі мемлекеттерден келген жас және тәжірибелі ғалымдарың пікір алмасуы жастар арасындағы әскери қызметтің беделін нығайтуға және армия мен қоғам арасында сындарлы диалог құруға септігін тигізеді деп есептеймін.

Ғалымдардың баяндамалары әскери мамандыққа деген құндылық қатынасын қалыптастыру, әскери қызметшілердің құқықтарын қорғау және әскери қызметті ұйымдастыру ерекшеліктеріне арналды.

Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді. Конференция қорытындысы бойынша 150-ден астам ғылыми жұмыс тақырыптық жинаққа енетін болды.

__Последние новости

  • Басты назарда

Оқу-әдістемелік жиын

Кеше, 10:27
Админ
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

23/11/2024 - 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59