Астанада Қарулы күштердің ардагерлері панфиловшыларды еске алды

Панфилов дивизиясы Мәскеуді қорғауда ерекше рөл атқарды

Елордадағы «Жерұйық» саябағында генерал-майор Иван Панфилов ескерткіші мен «28 батыр-панфиловшылардың» мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Іс-шараға «Қарулы Күштердің ардагерлері» РҚБ төрағасының орынбасары отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов, запастағы генерал-майор Алсай Жұманов, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ елордалық филиалының төрағасы Сансызбай Есілов, Астана қаласы мәслихатының депутаты Динара Оразалина, Ауған соғысының ардагерлері, әскери кафедралардың студенттері және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.

«Панфилов дивизиясы Мәскеуді қорғауда ерекше рөл атқарды. Одан бөлек, 238-ші Семей, 312-ші Ақтөбе, 387-ші Ақмола дивизиялары мен Қызылорда облысында құрылған екі теңіз атқыштар бригадасы үш бағытта қаланы қорғады. Панфилов жауынгерлеріне құрмет көрсете отырып, біз болашақ ұрпақ үшін Жеңіс жолында құрбан болған аталарымыз бен әкелерімізге тағзым етеміз. Олардың ерлігі ғасырлар бойы сақталып келеді», – деп атап өтті ардагер Марат Нағұманов.

Іс-шара тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Қорғаныс министрлігі әскери колледжінің ұландары мен сарбаздардың салтанатты шеруімен аяқталды.

__Последние новости

  • Басты назарда

КЕЗДЕСУ: ҚОЛЫНАН КІТАП ТАСТАМАЙТЫН ҚОЛБАСШЫ

05/07/2025 - 08:43
Админ
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 12:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

110 студент ант қабылдады

02/07/2025 - 11:54
  • Басты назарда

«Айбын-2025» жиыны басталды

25/06/2025 - 11:02
  • Басты назарда

АЙБЫН-2025» ЖИЫНЫНА БІРІНШІ БОП ЖЕТТІ

21/06/2025 - 09:33
  • Басты назарда

15 сарбаз ант қабылдады

20/06/2025 - 10:41
  • Басты назарда

АСПАН ӘЛЕМІНІҢ ТАРЛАНДАРЫ

19/06/2025 - 10:02