Қорғаныс министрі: 2025 жылы 2 мың маман резерв қызметіне тартылады

Руслан Жақсылықов ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында мәлімдеді

Нұрдәулет Кәкіш

2025 жылы 2 мың маман резерв қызметіне тартылады. Оған 3,5 млрд теңге қарастырылып отыр. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«Өздеріңіз білесіздер, әлемдегі экономикасы дамыған елдер толық комплектті армияны ұстап отыруға шамасы жетпейді. Өйткені оның құны өте қымбатқа түседі. Бұл ретте бірінші кезекте резервтегі қызмет жұмысы анықталады. Резерв қызметі туралы заң Америка Құрама Штаттарында, Ұлыбританияда, Францияда, Италияда және біздің көрші елдер Ресей Федерациясы, Беларусь, Украина елдерінде қарастырылған. Бұл жағынан біз осы елдермен теңесуге жұмыс жүргіземіз.

Әрине, резерв қызметі біз үшін жаңа сала. Біз мұны 2025 жылы қалыптастыратын боламыз. Ол үшін, бірінші кезекте барлық әлеуметтік мәселелерді, заңдық, материалдық қамтамасыз ету жағдайын жолға қоюымыз керек.

Бастапқыда 2 мың резервтегілерді шақыру жоспарланып отыр. Бұл 2 мың адам – бірінші кезекте таңдаулы мамандық иелері. Бұл жағдайда жылына шамамен 3,5 млрд теңге қажет болуы мүмкін. Бір қалыпқа келген соң мамандар қатарын толықтыратын боламыз. 2025 жылға 3,5 млрд теңге қазіргі уақытта респбликалық бюджетте қарастырылып отыр», - деді ҚР Қорғаныс министрі Мәжіліс депутаттарының сұрақтарына.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19