Әскерде сарбаздарға қандай жағдай жасалған

Сарбаз аналары комитетінің өкілдері әскерге шақырушылардың тұрмыс жағдайымен танысты

Әскерге шақыру науқанын өткізу кезеңінде «Аналар жүрегі» сарбаз аналары комитеті» РҚБ төрайымы Лилия Хайруллина Фарида Баубековамен бірге қалалық жинақтау пунктінде болып, оның қызметімен жақынырақ танысты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Қоғамдық ұйым өкілдері медициналық кабинеттерді, қызмет орнына жіберілгенге дейін әскерге шақырылушылар орналасатын тұрғын үй бөлмелерін аралап, тамақ өнімдерінің сапасы мен жинақтау пунктінің асханасындағы мәзірмен танысты.

Казармалық үй-жайларды аралау кезінде аналар әскерге шақырылушылармен әңгімелесіп, олардың көңіл-күйін сұрады. 21 жастағы әскерге шақырылушы Аспандияр Әбілхасенов жергілікті әскери басқару органына шақыру қағазы бойынша келгенін айтты.

«Мен Қарағандыдағы «Спасск» полигонында қызмет ететін боламын. Ешнәрсеге алаңдамаймын. Сәл ертерек шақырылмағаныма өкінемін. Отбасылық жағдайыма байланысты кейінге қалдырылған едім. Жақындарым өмір мектебінен өту туралы шешімімді толық қолдады. Мерзімді қызметімді лайықты атқарып, келісімшарт бойынша қызметімді жалғастырамын деген үмітім бар», – дейді ол.

Лилия Хайруллина Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Айдын Сағымбековке ата-аналар қауымымен тығыз қарым-қатынас жасағаны және әскерге шақырылушыларға жасалған жағдаймен жақынырақ танысуға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді.

«Алғашқы әсеріміз жақсы. Барлық жерде тазалық сақталған екен. Ас ішер асхана мен жуынатын орын да бар. Біз казармаға барып, дәрігерлермен және әскерге шақырылушылардың өздерімен сөйлестік. Қорғаныс министрлігінің қазіргі басшылығымен ашық, әрі сенімді қарым-қатынасқа қол жеткізгенімізге ризамыз. Бұл әскерге шақырылушылар мен сарбаздардың туыстары мен жақындары тарапынан туындайтын көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді», – деді ол.

Қалалық әскерге шақыру комиссиясының мүшесі запастағы полковник Ғани Артықов әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды цифрлық есепке алу туралы айтып берді. Ол бұл инновацияның көптеген мәселелерді қашықтан шешуге мүмкіндік беретінін түсіндірді. 17 жастағы жігіттерге енді жеке істі жинап, тіркелу үшін шақыру пунктеріне келудің қажеті жоқ. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялаудың арқасында бұл рәсім автоматты түрде жүзеге асырылады. Әскери қызмет өткермегендерге әскери билеттер беру де тоқтатылды.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22